Қазақстанда әйелдердің зейнет жасы 61 болып бекітілмек
Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығуы 61 жас деңгейінде бекітіледі.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Кеңінен көтеріліп жүрген әлеуметтік сауалды ескере отырып, әйелдер үшін зейнетке шығу жасының межесі 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде бекітіледі», — деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Президент Бірыңғай жинақтау зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеуді тапсырды.
2025 жылға қарай жиынтық зейнетақы артады.
«Зейнетақы жүйесін елеулі түрде қайта жүктеу міндеті тұр. Ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерлемесін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, ал ең жоғарысын 120 пайызға дейін дәйекті түрде жеткізу қажет», — деді Мемлекет басшысы.
Осы орайда Президент бұдан бұрын қабылданған шешімдерді ескере отырып, бұл 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27 пайызға арттыруға мүмкіндік беретінін айтты.