Қасым-Жомарт Тоқаев: Депутаттардың ел алдындағы жауапкершілігі артты

92e772e4b1d646b7bf23e56f42099f74 Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық технология дамыған қазіргі заманда халық бәрін жіті бақылап отыр. Осы ретте, депутаттардың ел алдындағы жауапкершілігі артқанын атап өткен жөн деді, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Сондықтан, осы ғимаратта отырған депутаттар 5 жыл бойы саналы, парасатты түрде белсенді жұмыс істейді деп сенемін. Себебі, ел мүддесі үшін қызмет ету қажет. Бұл – «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деген қағиданың тағы бір көрінісі. Осы науқанға өте көп адам қатысты. Бұл – қалыпты үрдіс. Олардың арасында мақсаты, ұстанымы әртүрлі жандар бар», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір елдің көзі ашық, көкірегі ояу, саяси сауаты жоғары. Кез-келген сайлауда жеңіске жету үшін жылдар бойы қажырлы еңбек ету қажет. Халықтың және тарихтың алдындағы жауапкершілікті сезіну керек. Бір сөзбен айтсақ, ұзақ мерзімді, жүйелі стратегияның арқасында ғана жеңіске жетуге болады, деді президент.

«Қажетті дауыс жинай алмаған үміткерлер үшін де бұл – үлкен тәжірибе және жаңа мүмкіндік. Баршаңызды Қазақстан мүддесі үшін жұмылып жұмыс істеуге шақырамын», – деді Президент.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз