Жарнама
Саясат

Қарақаттың сайлауалды штабы қан тапсырды 

Қарақат Әбденнің сайлауалды штабының мүшелері Трансфузиология ғылыми өндірістік орталығында қан тапсырып, донор атанды.

Іс-шараға қатысқан штаб мүшелері 10 000 миллилитрге жуық қан тапсырды. Донорлық қан ауыр науқастарды емдеуде және шұғыл медициналық көмек көрсету кезінде аса қажет. Трансфузиолог-мамандардың айтуынша, әр донордан 450 мл. қан алынады. Бұл адам денсаулығына зиянын тигізбейді, керісінше көп жағдайда пайдалы болмақ.

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден бұл бастаманың әлеуметтік маңызы зор екендігін атап өтті.

«Бүгін біз штаб мүшелері «Өмір сүруге үміт сыйла» деген ұранмен қан тапсыруға келді. Жалпы, бұл бастаманың әлеуметтік маңызы зор деп білемін. Донор қаны адамның өмір құтқара алады, қиын жағдайға тап болған жандардың денсаулығын сақтап қалудың кепілі бола алады. Біз үшін адам өмірі мен оның денсаулығынан бағалы ештеңе жоқ. Осындай игі істерде халықтың белсенділігі арта түссе екен дейміз. Өзгелерге көмек көрсетіп, дер кезінде қол ұшын созу бізді біріктіреді», — деді кандидат.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button