«Қаңтар оқиғасында» депутаттар қайда болды?

pamyatnik nazarbaevu Саясат

Оқырман назарына Атырауда жұмыс сапарымен жүрген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ЕРУБАЕВТАН алған сұхбатымыздан үзінді ұсынамыз.

– Мәжілісте жүзден аса депутат бар. Солардың бәрі қаңтар оқиғасы кезінде қайда болды деген сауал туындайды…

– Иә, бұл сұрақ халықты біраз мазалағаны рас. Бірақ, бұл кезде ұшақтар ұшпады. Әрі, онсыз да ашуланып жүрген жұрттың жүйкесі жұқарып кетпей ме деген де қауіп болды. Сондықтан ел ішін аралау үшін арнайы кесте жасақталды. Президенттің алдында да маңызды мәселелер тұрды. Әрине, қазір ол кісінің сыртынан сын айту оңай. Ал, сол кезде оның орнына өзіңізді қойып көрдіңіз бе? Мемлекеттік маңызды шешімді Президент жалғыз өзі қабылдамайтынын түсіну керек. Тіпті, министрлер де Парламент келісімін алған соң ғана тағайындалады. Мәселен, кезінде Асқар Мәминнің кандидатурасына «Ақ жол» фракциясындағы 12 депутат қарсы болдық.  

Былай ғой, алдымен біздің алдымызға министр немесе Премьер-министр болуға лайықты үміткерлер ұсынылады. Біз оларға әртүрлі сұрақ қойып, кейін жан-жақты талқылаймыз. Мәселен, Әлихан Смайыловты мен Алаш көсемімен аттас болғаны үшін емес, жақсы қасиеттеріне жеке куә болғандықтан қолдадым. Ол үлкен өзгерістерді әкеледі деген менде сенім болды. Ендеше, мүмкіндік бердік. Нәтижесін уақыт көрсетеді. Ал, әзірге мұнай-газ өнімдерін экспорттау мен коммуналдық тарифтерге мораторий жариялау, министрлерді бей-берекетсіз ауыстыра бермеу, халыққа арналған қаржылай қор құру, бір адамның ғана байып кетуіне жол бермеу секілді бастамалар елге ұнады.

Сұхбаттасқан: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз