Президент сайлауында байқаушылар қандай міндеттер атқарады?
20 қарашада кезектен тыс президенттік сайлау өтеді. Сайлау процесінде бақылаушылар қандай рөл атқарады және олардың жұмысы қалай ұйымдастырылады? “Атырау-Ақпарат” ЖШС баспасөз клубында бірқатар қоғамдық қорлардың өкілдері сайлау өткізу, сондай-ақ байқаушы болу мүмкіндігі туралы айтып берді. Спикерлер – “НАQ” қорының атқарушы директоры Тоғжан Қожалы, “Алтын уақыт” қорының өкілі Айгүл Уәлиева және қоғам қайраткері Асман Аманжол өңір тұрғындарының сайлауға тәуелсіз бақылаушы ретінде қалай қатысуға болатыны туралы егжей-тегжейлі баяндады.
Тоғжан Қожалы 20 қарашада өтетін Қазақстанның кезектен тыс президенттік сайлауында 12 мыңға жуық сайлау учаскесі болатынын атап өтті.
— Біздің қордан еліміздің сегіз қаласында сайлау учаскелеріне барлығы 1000-ға жуық бақылаушы шығады. Қор бақылаушыларды оқытуды жүргізеді. Мобильді топтар мен штабтар құрылатын болады, процесс аяқталғаннан кейін бақылау бойынша есеп әзірлейміз, — деп түсіндірді Т.Қожалы.
Барлық спикерлер тұрғындарды 20 қарашада өздерінің сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беруге шақырды.