Президент сайлауы: Қоғамдық сауалнама жүргізуге 2 ұйым өтініш берді

2019060717394252750 005 Саясат

Алда өтетін президент сайлауында қоғамдық сауалнама жүргізетін 2 ұйым Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«7 қазанда Орталық сайлау комиссиясына қоғамдық сауалнама жүргізу үшін «Қоғамдық пікір» зерттеу институты («Общественное мнение» зерттеу институты) мен «AMANAT» партиясының «Қоғамдық саясат институты» жеке меншік мекемесінен өтініш түсті», – делінген ҚР ОСК хабарламасында.

Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін хабарламада сауалнама жүргізуге қатысатын және осы салада жұмыс тәжірибесі бар мамандар туралы, қоғамдық пікірге сауалнама жүргізілетін өңірлер туралы, қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетіледі.

Сондай-ақ қоғамдық пікірге сауал жүргізу нәтижелерiн, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерiнiң болжамдарын дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні интернет желісінде жариялауға жол берілмейтіні хабарланды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз