Жарнама
Саясат

Президент сайлауы: Бақыт Жаңабаев үміткерлерге қойылатын барлық талапқа сай

Президенттікке кандидат ретінде ұсынылған Бақыт Жаңабаев президенттікке үміткерлерге қойылатын барлық талапқа сай. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды.

Кандидат мемлекеттік тілді еркін меңгерген. 46 жастағы ең жас үміткер Жаңабаевтың мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 21 жыл. Алдағы Президент сайлауына қатысуға 12 адам үміткер ретінде ұсынылды. Оның ішінде Халықтық коалиция атынан ұсынылған, қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кандитат ретінде тіркелді. 7 үміткер қол жинауға кірісті. Үш адамды Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидат ретінде тіркеуден бас тартты. Бұдан бөлек, комиссия «Мұқалмас» қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылған Нұржан Әлтаевтің сәйкестігін белгілеу рәсімін уақытша тоқтатты. Сонымен, президенттікке кандидат ретінде ұсынылған 1 адамнан басқа үміткерлер Конституция мен «Сайлау туралы» Конституциялық заңда қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру аяқталды. Үміткерлерді тіркеу 21 қазанға дейін жалғасады. Олардың әрқайсысы кемі 118 273 сайлаушы қолын жинауы тиіс.

Сайлау жарнасы 3 жағдайда қайтарылады

Сондай-ақ, орталық сайлау комиссиясы президенттік сайлауға ұсынылған үміткерлерге қандай жағдайда сайлау жарнасы қайтарылатынын айтты. Біріншіден, кандидат жеңіске жетсе. Екіншіден, кандидат жинаған дауыс 5 пайызға жетпесе және кандидат қайтыс болса. Ал, басқа жағдайларда азаматтардың сайлау жарнасы мемлекеттік қазынаға аударылады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button