ОТЫЗДЫҚҚА БАСТАР ЖОЛ
Аудан әкімдігіне жиналушылар алдында департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Алмас Кәрімжанов сөз сөйлеп: «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру – бес реформаның бірі. Бұған мемлекеттік басқарушы орган өкілі ретінде әр мемлекеттік қызметшінің қосар үлесі мол. Сол себепті әр қызметкер өз ісін жетік меңгеріп, салғырттық танытпауы тиіс. Сала қызметкерлері қашанда еліміздің Ар-намыс Кодексін қатаң ұстануы керек» — деді ол.
Бұдан басқа, кездесуге қатысушыларға Ұлт жоспарын жүзеге асыруда департаментпен жасақталған бейнеролик пен ақпараттық слайд көрсетілді. 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны түсіндіруде бірқатар баяндамалар тыңдалып, көпшілікке сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған үнпарақтар таратылды.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.
Исатай ауданы.