Жарнама
СаясатҚоғам

Ең қажетті құндылық

Жолдау жолдарынан:

«Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін

және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс. Реформаларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамымыздың ортақ

мақсатқа жұмылуы аса маңызды»

Ел болашағының жарқындығы жолында әр қазақстандық  қоғамда орын алып жатқан реформалардың мәнін жете түсініп, оны Отанымыздың дамуына жүйелі түрде қолдана білуі тиіс. Осы орайда Елбасы өз Жолдауында «Рухани жаңғыру» бағдарламасына баса маңыз беруді тапсырды.               
20171116110025784_big

Өткен жылы қолға алынған осынау бастаманы әрі қарай жалғастырып қана қоймай, оның аясын жаңа мазмұнмен және бағыттармен толықтыру қажеттігін алға қоюы құптарлық. «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек» деген Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасы отбасындағы құндылықтарды арттыруға да әкеліп тіреледі.

Мемлекет басшысы айтқандай, егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сондықтан, көне дәуірлерден бастау алатын, өзінің тарихи тәжірибесінен, игі салт, ізгі дәстүрлерінен мүлдем қол үзген қоғамда жаңғыру немесе жаңару мүмкін емес. Халқымыздың осындай тамыры тереңге кеткен, тарихымен бірге жалғасып келе жатқан рухани байлықтарының бірі – отбасы құндылықтары. Тіпті біздің рухани құндылықтарымыздың негізі де осы отбасылық дәстүрімізде жатыр емес пе?! Олай болса, әр адам өз жанұясындағы бала тәрбиесіне ерекше ден қойып, олардың саналы да, білімді азамат болып қалыптасуына жағдай жасауда бойларына ұлттық құндылықтарымызды қатар сіңіртуі қажет-ақ.

«Ынтымақты елдің ырысы мол» демекші, тәуелсіз елде бірлігіміз бен ынтымағымызды сақтасақ, біздің алар асуларымыз бүгінгіден де биік болары сөзсіз. Осынау жайттарды әр отбасында бала санасына сіңіруге әр ата-ана үлес қосуы маңызды. Жолдауда айтылған бұл сөздерге жай ғана көз жүгіртпей, астарына зере сала үңілудің мәні бөлек. Олай болса, әр  ұрпақтың санасына туып өскен жерінің тарихын сіңіріп отыру –жанұядағы үлкендердің міндеті. Осы орайда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы ретінде айтарым, әр бала атаның қаны мен ананың сүтімен келетін туабітті қасиеттер  секілді ұлттық рухани құндылықтарды да ең алдымен отбасында ата-ананың тәрбиесімен бойына сіңіретіні анық.

Сүндет ТАСҚАРИН,

Индер ауданының Құрметті азаматы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button