Жарнама
Саясат

ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСКЕ – КЕҢ ӨРІС

Баяндама жасаған аудандық кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы Зинеш Сарбуфееваның айтуынша, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бір түрі тұтыну рыногындағы көкөніс бағасын реттеу болып табылады. Жыл он екі ай көкөніске қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін жергілікті жерлерде жылыжай кәсіпшілігі дамуы қажет. Биылғы жылы бес тұрғын өз алдарына жылыжай кәсіпшілігін ашуға міндет қойып отыр. 

Аудан көлемінде осындай аграрлық сектордағы үлкен қадамдарға байланысты  Миялы селосынан халықтан ет, тері, жүн өнімдерін қабылдап, өңдейтін сервистік дайындау орталығын ашу көзделуде. 

Республикалық маңызы жоғары «Атырау-Ақтөбе» автокөлік және темір жол бойында орналасқан тіректі елді мекендер санатындағы Сағыз селосынан «Логистикалық орталық» ашу ұйымдастырылуда. 

Аталған автокөлік жолын қайта жаңғырту жұмысын жүзеге асырып, жолаушылар және жүк тасымалын қалыпқа келтіру үшін «Автовокзал» құрылысын салу және осы мәселеге орай тендер ұйымдастыру мәселесі шешілуде. 

– Біздің мақсатымыз қалың көпшілікке бизнестік тұрғыдан қажетті барлық қызмет көрсету орындарын ашып, іске қосу болып отыр. Жыл басынан бері бөлімге әртүрлі бағытта бизнес бастауға 40-тан астам жобаға ұсыныс болды. Біз осы жобаларды қаржыландыру мәселелерін шешу үшін бес бағытта жұмыс жүргізудеміз, — дейді Зинеш Аққұлқызы. 

Сонымен қатар, аудан көлемінде шешуді қажет ететін мәселелер де жеткілікті. Біріншіден, кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік нысандарын салуға алатын рұқсат құжаттарын жеделдетуді реттеуді ұйымдастыру, яғни барлық рұқсат беруші органдар арқылы бірлескен жұмыстар жүргізу. Екіншіден, аудан орталығынан екінші деңгейдегі банк филиалын ашуды ұйымдастыру. Үшіншіден, ісін жаңадан бастаған қажетті өнім өндіруші және халыққа қажетті қызмет көрсетуші кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасауды ұйымдастырып, бұл тұрғыда қордаланған мәселелерді оңтайлы шешу болып табылады.

Конференцияда селодағы № 1 мектеп-гимназиясының директоры, «Қазпошта» бастауыш партия ұйымының төрағасы Дүйсәлі Өтеуғали, “Бірлік” бастауыш партия ұйымынан делегат Жолдас Ибрашев, партия ардагері, ауданның Құрметті азаматы Сайпол Мұқанов сөйлеп, Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттердің аса маңыздылығын саралап көрсетті. 

Мағрупа 
БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ, 
Қызылқоға ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button