ОТАНДЫҚ КОМПАНИЯҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
Экспортты қолдау құралдары:
- •2013 жылы Kaznex Invest экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі Белоруссияға, Ресейге, Украинаға, Қытайға, Грузияға, Қырғызстанға 81 отандық өнім өндірушілер қатысқан 6 сауда миссиясын ұйымдастырды. Нәтижесінде («ПОШ-Тараз» фабрикасы, «Маслодел Трейд», «Абди Ибрахим Глобал Фарм», «Цесна-Астык» концерні, «Келет», «Актөберентген», Алматы синтетикалық жуу құралдары зауыты, «ҚазАзот», «Новопэк», «АЛПРОФ», ПК «КазСтройСтекло», «Алюгал», «ХИМФАРМ» және басқа) компаниялары 57 млн. АҚШ долларынан астам сомаға экспорттық келісімшарттар жасасты.
- •Kaznex Invest жұмыс істеп жатқан экспорттаушылардың және экспорттық әлеуеті бар кәсіпорындардың халықаралық мамандандырылған көрмелерге қатысуын ұйымдастырады. Осы жылы 37 қазақстандық компания (химия, құрылыс, азық-түлік, металлургия, текстиль, машина жасау, электр техникасы, фармацевтика салалары) 25 халықаралық мамандандырылған көрмелерге қатысты. Нәтижесінде Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Әзірбайжан, Қырғызстан нарықтарына 27,8 млн. АҚШ долларынан астам сомаға экспорттық келісімшарттар жасалды.
- •Тауар таңбаларын ілгерілету – шет елдерде тауар таңбаларының таныстырылым іс-шараларын ұйымдастыру. 2013 жылы «Бакарассов» концерні, «Мұнай-аспап», «Сольтрест», «Сұлтан-маркетинг», «Корона Экспорт», «Кублей», Rixos Lake Borovoe, «Саят» және т. б., барлығы 48 тауар таңбасы Жапонияда, Ресейде, Венгрияда, Ауғаныстанда, Түркияда, Германияда, БАӘ, ҚХР таныстырылды. Бұл компанияларды 50 млн. АҚШ долларынан астам сомаға экспорттық келісімшарттарын жасауға алып келді.
- •Ұлттық стендтерді ұйымдастыру – ұлттық (өңірлік) өнімді шетелдік нарыққа ілгерілетуге арналған тиімді құралдардың бірі. 2013 жылы 27 отандық компания ҚХР-да (азық-түлік, химия, металлургия салалары), Ресейде (азық-түлік саласы, жеңіл өнеркәсіп), Германияда (азық-түлік), Түркменстанда (құрылыс саласы) «Made in Kazakhstan» ұлттық стендтерде таныстырылды. 7,5 млн. АҚШ долларына жасалған келісімшарттар — осы құралдың тиімділігінің көрсеткіші.
- •Кәсіпорындар сыртқы нарықтарға шығу кезінде орын алған шығындардың 50% өтеу механизмі Қазақстанда алғаш рет 2010 жылы енгізілді. Өтеуді алуға өтінімдерді мемлекеттік көмекті алушылар туралы шешімді қабылдайтын мекемеаралық комиссия қабылдайды. 2013 жылдың нәтижелері бойынша 181 млн. теңге сомасына 51 кәсіпорынның шығындары өтелді.
Ұлттық экспорттық стратегия.
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Kaznex Invest агенттігімен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының Ұлттық экспорттық стратегиясын (ҰЭС) әзірлеумен айналысып жатыр. ҮИИДМБ екінші бесжылдығы өнімнің қосымша құнын арттыруға және еліміздің экономикасының интернационализация деңгейін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргеннен кейін қатаң бәсекелестік алдан күтіп тұр. Осының бәрі қазақстандық кәсіпорындарға тауарлар мен қызметтер жеткізудегі белгілі «тауашаларды» өздері иеленіп, бұрынғыдан да белсендірек түрде сыртық нарықтарды меңгеруге мүмкіндік беретін Ұлттық экспорттық стратегияны әзірлеу қажеттігін көрсетіп тұр.
ҰЭС міндеттері:
- •Шикізаттық емес экспорт көлемін арттыру;
- •Экспорттың тауарлық әртараптандырылуын кеңейту;
- •Экспорт қызметі барысын бұрынғыдан да тиімдірек басқару мақсатында әлемдік саудадағы болашақ үрдістерге болжам жасау;
- •Экспортты қолдаудың жалпыұлттық жүйесін құру;
- •Еліміздің жаөандық бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату.
Табысқа жету жағдайлары.
- •«Сольтрест» ЖШС – ас тұзының өндірушісі «Аралтұз» компаниясының ресми дистрибьюторы – Ресейдегі бүгінгі күні ең үлкен «Магнит» сауда желісімен тұз жеткізу туралы келісімшарт жасасты. 2018 жылға дейін компания 250 млн. ресей рубліне өнім жеткізеді. «Сольтрест» ЖШС ресейлік бөлшек сауда желісінің бас кеңсесімен келісімшарт жасасқан бірінші қазақстандық компанияға айналды. Компания үшін бұл федералдық нарықта ұзақ мерзімде өз орнын алуға және тұтастай алғанда Қазақстанда өндірілген тауарлардың әлеуетінкөрсету мүмкіндігі.
- •Алматылық «Bakarassov концерні» кәсіпорны – лак-бояу материалдарының өндірушісі – осы жылдың күзінде Түркменстандағы Ашхабад қаласында «Bakarassov концерні» ЖШС компаниясының өкілдігін ашты. Кәсіпорын 2006 жылы құрылған. Kaznex Invest арқылы экспорттаушыларды қолдауға арналған мемлекеттік құралдарды белсенді түрде пайдаланады, соның арқасында соңғы бір-екі жылда компания Түркменстанға, Тәжікстанға, Қырғызстанға және Моңғолияға шыға алды. Осы аймақтарға экспорттың жалпы көлемі осы жылы 500 тоннаны құрайды, ал 2014 жылы компания бұл көрсеткішті екі есе арттыруды жоспарлап отыр.
- •«Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг», отандық тікұшақтар өндірушісі, Моңғолияның нарығына шығуда. Компания Моңғолия аумағында ЕС145 тікұшақтарына техникалық қызмет көрсетуді жүргізу, кеңес беру жәрдемі және техникалық қолдау, сондай-ақ үшқыштар мен техникалық қызметкерлерді оқыту бойынша меморандумға қол қойды. Осы жылы Kaznex Invest агенттігі қазақстандық тікұшақтардың таныстырылымын Белоруссияда, Украинада, Түркменстанда Әзірбайжанда өткізді. Сонымен қатар компания біздің техникамыздың әлеуетті сатып алушылары болып табылатын осы елдердің төтенше жағдайлар, қорғаныс, денсаулық сақтау, ішкі істер министрліктерінің басшылықтарыменкеліссөздер жүргізу мүмкіндігне ие болды.
Бүгінде Қазақстан экспорт көлемі бойынша әлемдік экспорттаушылардың арасында 40 орынды иемденіп отыр. Экспорт географиясы — әлемнің 120 елі, соның ішінде дайын өнім 111 елге жеткізіледі.
Қосымша ақпарат алу үшін:
KAZNEX INVEST PR-менеджері Мадина Иманалиева, imanalieva@kaznexinvest.kz,
тел.: 8 701 866 28 40, 8 7172 799393 ішкі: 1022