Жарнама
Саясат

ӨНДІРІСТІ ӨҢІРДІҢ ӨРКЕНДЕГЕН КЕЗЕҢІ

Сұрақ:

— Сағызға «Ақ бұлақ» бағдарламасымен су жүргізілгенімен, кезінде жобаға енгізілмей қалған үйлер де бар. Ол үйлерге биыл су тартыла ма?

 

Жауап:

— Су жүргізуден тыс қалып қойған Сағыздағы жүзден аса үй үшін биыл қаржы бөлінді. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Ол үстіміздегі жылы толықтай жүзеге асатын болады.

 

Сұрақ:

— Ескі үйлерді терможаңғыртудан өткізіп, қайта жөндеуге биыл қаржы қарала ма?

 

Жауап:

— Қайта жаңғыртуға бюджеттен 2 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бүгінде жөндеулер бағдарламадан қайтарылған қаражат есебінен жасалуда. Бірақ, Атырау қаласының өзінде терможаңғырту бойынша қайтарым төмен. Бар-жоғы 50 пайыздан сәл асады. Сондықтан, қаржыны кері қайтаруға жұмыстану керек. Себебі, бұл бағдарлама енді қайтарылған қаражат есебінен жалғасады.

 

Сұрақ:

— Бүгінде Көздіқара ауылы «Тайсойған-Қоныстану» топтық су құбыры арқылы ауыз су пайдаланып отыр. Бірақ, ол халыққа жеткіліксіз. Белгілісі, «Тайсойған-Қарасу» жобасына құжат дайын. Жоба құрылысы қашан басталады?

 

Жауап:

— Қарасу жерасты ұңғымалары биыл іске қосылады.

 

Сұрақ:

— Атыраудағы инфекциялық аурухана қашан пайдалануға беріледі?

 

Жауап:

— Инфекциялық аурухана қалалық ауруханаға айналады. Жоба үстіміздегі жылдың маусымында іске қосылады.

 

Сұрақ:

— Жеке кәсіппен айналысқысы келетіндерге, тауар өндірушілерге мемлекет тарапынан қандай көмектер көрсетіледі?

 

Жауап:

— Жергілікті тауар өндірушілерге соңғы үш жылда 700 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілді. Биыл 150 миллион теңге қарастырылып отыр. Қажет болса, бұл сома көлемі ұлғаяды.

 

Сұрақ:

— Қашаған кен орны 2017 жылға дейін толықтай іске қосыла ма?

 

Жауап:

— Қашаған жобасы жылдың соңына дейін, тіпті жылдың аяғына жетпей де іске қосылуы мүмкін. Себебі, ондағы жұмыстар кесте бойынша жақсы жүріп жатыр.

 

Сұрақ:

— Атыраудағы «Тұрғындар қалашығы» және сол маңға жақын мөлтек аудандар үшін өткізіліп келген азық-түлік жәрмеңкесі тоқтап қалды. Осы мәселені қайта жандандыруға бола ма?

 

Жауап:

— Далада өтетін азық-түлік жәрмеңкелеріне әкім ретінде мүлде қарсы екенімді айтқым келеді. Өйткені, ол жәрмеңкелер санитарлық талаптарға мүлде жауап бермейді. Сол себепті де, халық үшін «Сарайшық» коммуналдық базары салынды. Біріншіден, онда тәртіп бар. Тағамдарды сараптайтын зертхана бар. Екіншіден, айтарлықтай арзан. Рас, біраз түсініспеушіліктер болды. Бағаны көтеріп, пайда тапқысы келгендер ол жерден босатылды. Ал, тауарын коммуналдық базарға қойғысы келмегендер өзге сауда орталықтарына барып, саудасын емін-еркін жүргізе алады. Оған еш кедергі жоқ.

 

Сұрақ:

— Зағиптардың проблемасы жетіп артылады. Сізге жеке қабылдауға жазылып, нақты мәселелерімізді қоя аламыз ба?

 

Жауап:

— Облыс басшылығына келгелі зағиптарды бірнеше рет қабылдадым. Қала әкімімен бірлесіп те қабылдаулар өтті. Сәйкесінше, біраз мәселелер реттелді. Әрине, барлық мәселелер толықтай шешімін таппауы мүмкін. Сондықтан, кез-келген уақытта қабылдауға келуіңізге болады.

 

Сұрақ:

— Геолог емханасы қашан іске қосылады?

 

Жауап:

— Геолог емханасы наурыз, сәуір айларында пайдалануға беріледі.

 

Сұрақ:

Атырау қаласы бойынша қандай көшелерге жол төселеді?  Сол  тізімде  Ұзынарал көшесі бар ма?

 

Жауап:

— Жоғарыда есепті баяндамада айтқанымдай, биыл қала бойынша 160 көшеге асфальт төселеді. Оның ішінде, Ұзынарал көшесі де бар.

Сұрақ:

— Облыстың Бас жоспары бекітілді ме?

 

 Жауап:

— Облыстың Бас жоспары бүгінде Әділет және Қаржы министрліктерінің қарауында. Оны Үкімет бекітеді.

 

Сұрақ:

— Тұғын үй салу үшін жер учаскелері қашан беріледі?

 

Жауап:

— Жер учаскелері өткен жылдан бастап беріле бастады. Алдымен 2003 жылы кезекке тұрған азаматтар жер алуда. Бұл жұмыс енді алға қарай жалғаса беретін болады.

 

Сұрақ:

— Азғырға қашан газ жетеді?

 

Жауап:

— «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Құрманғазы ауданының 13 елді мекеніне табиғи газ тартылды. Енді осы аудандағы Азғыр өңірінің елді мекендері үшін ұзындығы 365 шақырым жоғары қысымды магистральдық және кентаралық газ құбырының жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталды. Үштаған, Азғыр, Сүйіндік, Балқұдық – барлығы он елді мекен газбен қамтылады. Осылайша, ең шалғай өңірге биыл газ жетеді деген сенімдемін. Қазір облыс 95 пайыз газбен қамтылып отыр.

 

Сұрақ:

— Жұлдыз, Талғайраң ауылдарының жолына қашан жарық жүргізіледі?

 

Жауап:

— Биыл Атыраудың көшелерін асфальттау жұмысына 14 миллиард теңге бөлініп отыр. Жол салу жұмыстары толық аяқталған соң, көшелер жарықтандырылады. Атқарылатын жұмыс өте көп. Бірақ, біз мұның барлығына қаражатпен бірге, уақыттың да қажет екенін түсінуге тиіспіз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button