Өзгерістер іскерлікті талап етеді

2023 01 19 crop Саясат

Президент: «Қолынан іс келетін және елге беріле қызмет жасайтын азаматтарға ғана ортамызда орын бар. Оларға қолдау көрсетеміз, ал қоғам құрметін білдіреді. Халқымыздың нақыл сөзін сәл түрлендіріп айтсақ: «Байлық пен мансап – қолға ұстаған мұз, ериді де кетеді. Ал елге жасаған қызмет – артта қалған із, ол ұрпақтан ұрпаққа жетеді». Осыны әр азамат түсінуі керек»- деді.


Иә, осы бір халықтық қағиданы жете түсінетін азаматтар ғана алдағы сайлауда жеңіске жетер деген сенімдеміз. Қазіргі еліміз үшін өзгерістер кезеңі соны талап етеді. Қолынан іс келетін, жұртының жоқ-жітігін түгендейтін, көкейдегі көп түйткілді тарқата алатын депутаттар ғана Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарда отыруы тиіс. Онсыз саяси реформаның мәні де, ол туралы әңгіменің дәмі де болмайды.

Айтпай Сисенов,
Облыстық мәслихаттың
VI және VII шақырылымының депутаты

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз