Жарнама
Саясат

Өңірлерде экономикалық әлеует жеткілікті пайдаланылмай отыр

Бұл туралы Үкімет үйінде өткен кеңес отырысында Олжас Бектенов мәлім етті. Жиын барысында жұмыс сапарлары, кездесулер мен басқа да іс-шаралар аясында жүзеге асыру туралы уағдаластықтар жасалған жобаларға назар аударылды. Премьер-министр іске асыру мерзімдері шегерілген инвестициялық жобаларға егжей-тегжейлі тоқталды. Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл облыстары мен Астана, Шымкент қалаларының әкімдері және денсаулық сақтау, сауда министрлері баяндама жасады.

«Бүгінде әкімдіктер тарапынан инвестиция тарту бойынша қабылданып жатқан шаралары өңірлердің әлеуетін ашып көрсетпейді, экономикалық әлеует жеткілікті пайдаланылмай отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жергілікті өзін-өзі басқару вертикалының барлық деңгейінде, оның ішінде аудан әкімдері деңгейінде де жүргізілуі тиіс»,

— деп тапсырды Премьер-министр. Өңір әкімдіктері, Министрліктер жұмысының жоспарлы көрсеткіштерін енгізу бойынша тәсілдер мақұлданды.

Жобаларды іске асыруды мониторингілеу мен бақылауды күшейтудің пәрменді тетігі бүгінде 1159 жоба туралы деректер бар жаңа Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа болады. Деректер «Атамекен» ҰКП-мен бірлесе толтырылып, жергілікті жерлерде әкімдіктер тексереді.

Сонымен қатар кеңес барысында мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігіне әсер ететін және шара қолдануды талап ететін бірқатар түйткілді мәселе атап өтілді. 

Олардың қатарында инфрақұрылымның тапшылығы мен жедел қамтамасыз етілмеуі, күрделі әкімшілік рәсімдер мен рұқсат берудегі кідірістер, жер телімдерін берудің ұзақ мерзімдері бар. Аталған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

«Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында инвестиция тарту басы артық бюрократиядан арылып, жедел ведомствоаралық үйлестіруді талап ететін аса маңызды жұмыс екенін айтты.

Мемлекеттік органдар, әсіресе әкімдіктер жобаның іске асырылу барысын «тікелей» бақылауы керек. Әкімдер мен министрлер инвестиция тартумен күнделікті айналысып, бүгінгі күннің басты міндеті – инвесторлардың мәселелерін жедел шешуі қажет»,

 — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бұл бағыттағы жұмыстар Премьер-министрдің ерекше бақылауында.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button