ӨКІЛДІ БИЛІК ТЕ ӨЗГЕРІСКЕ ҰШЫРАЙДЫ
Жолдаудың «Заң және тәртіп» деп аталатын бесінші бағдарында да қоғам өміріндегі көптеген өзекті мәселелерге басымдық берілген. Оның ішінде мемлекеттік атқарушы билік пен өкілді билік органдарының қызметіне, бұл салада жүзеге асырылатын реформалар төңірегінде кеңінен сөз қозғалған.
«…Біз көпшіліктің мүддесін білдіретін депутаттардың жаңа құрамын жасақтаймыз. Бұл қадам мәслихаттар мен Парламент жұмысының тиімділігін арттырары сөзсіз. Болашақта Үкімет құрамына сайлаушылардың басым көпшілігінің дауысын алған саяси күштердің ғана емес, Парламенттегі басқа да партиялардың өкілдері кіруі мүмкін. Мұндай тәсіл атқарушы билікке бүкіл қоғамның талап-тілегін ескеретін тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді…» делінген онда.
Мұның өзі елімізде таяу келешекте саяси тұрғыдан кемелденген, шын мағынасында зайырлы азаматтық қоғам құрудың алғышарты болып табылады. Осы мақсатта мемлекеттік басқару институттары түбегейлі қайта құрылады. Соған сәйкесті, Парламент пен мәслихаттар да өз қызметін уақыт талабына қарай өзгертуі заңдылық.
Нұржан ЕРМҰХАНОВ,
облыстық мәслихаттың депутаты