Жарнама
Саясат

Нақты не өзгереді?

ТАЯУДА АҚОРДАДА ПРЕЗИДЕНТТІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН КОНСТИТУЦИЯҒА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТІП, АТАЛҒАН МӘСЕЛЕ ЕГЖЕЙ-ТЕГЖЕЙЛІ ТАЛДАНДЫ. АРНАЙЫ ҚҰРЫЛҒАН ЖҰМЫС ТОБЫ ӘЗІРЛЕГЕН ТҮЗЕТУЛЕР ТУРАЛЫ АЙТЫЛЫП, ЗАҢ ЖОБАСЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚАРАУЫНА ҰСЫНЫЛДЫ.

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНАН БАСТАУ АЛҒАН ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ ТЕТІКТЕРІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ ІСКЕ АСУДА.

ОРЫН АЛҒАН АУҚЫМДЫ ӨЗГЕРІСТЕР ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАЛАРҒА ТИІСІНШЕ ТҮЗЕТУЛЕР ЕНГІЗУДІ, ТІПТІ ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРТУДІ КҮН ТӘРТІБІНЕ ШЫҒАРЫП ОТЫР. БҰЛ ІС-ШАРАЛАРДЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ 30-ДАН АСТАМ БАБЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛІП, ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН БІРНЕШЕ ЗАҢ ҚАБЫЛДАНАТЫНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ.

Жаңа Қазақстан дегеніміз не?

Аталған жиынға Парламент Сенатының төрағасы Мəулен Əшімбаев, Парламент Мəжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин, Президент Əкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу, Əділет министрі Қанат Мусин жəне жұмыс тобының мүшелері қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда айтылған саяси бастамаларды жүзеге асыру үшін Ата заңымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек екенін айтып, жұмыс тобы қажетті түзетулерді əзірлегенін жеткізді. Бұл іске белгілі заңгер ғалымдар, адам құқықтары жөніндегі уəкіл, Парламент жəне мемлекеттік органдардың өкілдері, Конституциялық сотта, Конституциялық кеңе сте жұмыс істеген ғалымдар атсалысқанын ескерсек, Ата заңның жаңа нормаларын əзірлеу бағытында жұмыстанған топ мүшелерінің мол тəжірибесі оң əсер ететіні сөзсіз.

Нақты не өзгереді?

Қазіргі таңда көп талқыланатыны да осы сұрақ. Бұл туралы Президент: «Шын мəнінде, бұл Қазақстанның билік институттарын қалыптастырудың жəне ықпалдастықтың, жаңа саяси мəдениетті енгізудің мүлде жаңа моделіне көшкенін білдіреді. Нақты əрі толық түсінік болу үшін дель мен үдерісті Екінші республика ретінде белгіледім. Жаңа парадигмаға сəйкес Президенттің өкілеттігі қысқарады, Парламент пен мəслихаттардың ролі айтарлықтай күшейеді. Азаматтардың қатысуы едəуір артып, құқық қорғау саласы жүйелі түрде нығаяды» деді. Сөз жоқ, аталған іс-шаралар – Жаңа Қазақстанға жету жолында жасалған қадам. «AMANAT» партиясының кезек[1]тен тыс XXIII съезінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Біздің азамат[1]тарымыз «Жаңа Қазақстан дегеніміз не?» деген сұрақты өте жиі қояды. Меніңше, бұл сауалға қысқа əрі толыққанды жауап беруге болады.

Жаңа Қазақстан…

Бұл шындығында Əділетті Қазақстан. Келісетін шығасыздар, азаматтарымызға əлеуметтік əділеттілік жетісе бермейді» деп, нақты картинаны суреттеп берді. Күнделікті өмірде, қарапайым адамдардың мүдделерін елемеу фактілері орын алатыны жасырын емес. Өкініштісі м ұ н д а й ə д і л е т с і зд і к с а л д а р ы н а н азаматтардың билік институттарына деген сенімсіздігі қалыптасып отырғанын да мемлекет басшысы атап айтты. Осы олқылықтың орнын толтыру жолында жаңа өзгерістерден күтер нəтиже көп. Өйткені, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетігі едəуір күшейіп, Конституциялық деңгейде Адам құқықтары жөніндегі тəуелсіз уəкілдің құзыреттері мен кепілдіктері бекітіледі.

Гүлжан ƏМІРОВА, журналист

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button