Жарнама
Саясат

«НҰРЛЫ ЖОЛ» – АМАЛДАП ЖАН САҚТАУ ЕМЕС, АЙҚЫН ІЛГЕРІЛЕУ БАҒДАРЫ

 ТЫҢ СЕРПІН – ТАБЫС КІЛТІ

Шынында да, әлем көз ілеспес шапшаңдықпен өзгеріп келеді. Біз көп жағдайларда, державалардың «қырғи-қабақ соғыс» рухына қарсы тұруларынан пайда болған халықаралық ахуалдың  асқынып бара жатқанын байқап отырмыз. Әлемдік экономика жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстан әлі оңала алмай келеді. Геосаяси дағдарыс пен жетекші державалардың тыйым салу саясаты әлемдік экономиканы қалпына келтіруге қосымша кедергілер туындатуда.

Геосаяси шиеленістің тап ортасына таяу орналасқан ел ретінде Қазақстан осы үрдістердің бәрінің келеңсіз әсерін сезінуде, олардың салдарын біз мұнай бағасының құлдырау мысалынан көріп отырмыз.

Халықаралық сарапшылар мұнай бағасының бір баррелі үшін 40-50 долларға дейін құлдырауы мүмкін екендігін болжауда. Еліміздің бюджеті мұнай бағасы 90 доллар деген есеппен құрылған. Бұған қоса, оның кіріс бөлігі 50%-ға мұнайдан түскен пайда есебінен толықтырылады. Президенттің пікірі бойынша, жайбарақат найқалып жүруді уақыт көтермейді. Біз келеңсіз үрдістердің алдын алу үшін қолдан келген шаралардың бәрін жедел қолдануға тиістіміз.

  Жаңа «Нұрлы Жол» саясатының  басты мәні қиын-қыстау кезеңнен жай аман-есен өтуді ғана емес, әлемдік экономикадағы аса қиын жағдайларға қарамастан соны серпін жасауға, яғни әскери тілмен айтқанда, қорғаныста бұғып отыра бермей, шабуылға шығуға шақыруында жатыр.

 

ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ – ӘЛЕМДІК ҮЛГІ

Әлемдік тарихта Ұлт Көшбасшысының көрегендік қасиеті мен парасат-пайымының арқасында тағдырлы кезеңде орын алған тарихи тығырықтан шығудың бірден-бір дұрыс жолын айқындап бергенінің жарқын мысалдары баршылық.  

Мысалы, өткен ғасырдың 20-шы жылдары толық құлдырау жағдайында В.Ленин большевиктік идеяға кереғар болуына қарамастан, шетел және отандық жекеменшік капитал тарта отырып, концессияларға, сондай-ақ жекеменшікке негізделген кооперативтерге рұқсат берген ЖЭС (жаңа экономикалық саясат) әзірледі. Кейіннен ЖЭС уақытынан бұрын қысқартылды, алайда ол КСРО-ның (Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) болашақ қуатының іргетасын құрып үлгерді.

ХХ ғасырдың отызыншы жылдары АҚШ Президенті Франклин Делано Рузвельт «ұлы күйзелістен» шығу үшін  әлеуметтік нысандар, ең бірінші кезекте, американдықтар осы күнге дейін пайдаланып келе жатқан көпірлер, темір жолдар және автомобиль жолдарын салуға бағытталған кең ауқымды «Жаңа курс» бағдарламасын ұсынды.

 Ұлы реформатор Дэн Сяо Пин, коммунистік қасаңдықтарға қарамастан жалпыхалықтық меншіктің жекеменшікпен, ал жоспарлы социалистік экономиканың капиталистік нарықпен үйлесім тапқан даму моделін жасады. Оның: «Мысықтың түсі қандай болғаны маған бәрібір, тек тышқан ауласа болды» деген сөздері біраз нәрсені аңғартса керек. Бүгін Қытай көптеген көрсеткіштер бойынша әлемнің бірінші экономикасы болып отыр.

 

ҰЛТТЫҚ ҚОРДАН ҰТАРЫМЫЗ КӨП

«Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты мүлде бос жерде емес, жетістіктердің берік іргетасына табан тірей отырып іске асырылатынын естен шығармауымыз керек. Жолдау Қазақстанның өсе түскен экономикалық әлеуетін толық көлемінде көрсетіп отыр. Бар болғаны осыдан 20 жыл бұрын еліміздің өз қоймасында бір доллары болмаса, қазір инфрақұрылымдар салуға, өзекті әлеуметтік міндеттерді шешуге, қаржы секторын сауықтыруға орасан зор қаражат бөлетіні туралы шешімін айдай әлемге паш етіп отыр.  Екі жарым жылдың ішінде 2017 жылғы кезеңге дейін қойылған міндеттердің 70 пайызы қазірдің өзінде орындалды. Мысалы, партия 2017 жылға қарай кедейлік деңгейін 6,1 пайызға дейін төмендету мақсатын қойған болатын. Бүгін бұл көрсеткіш қазірдің өзінде 2 есе төмен – 3 пайыз. Біз бес жылдың ішінде жұмыссыздық деңгейін 5,4 пайызға дейін қысқартуды жоспарлаған едік. Ал, қазір 5 пайыз деңгейіне қол жеткіздік. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанда 40 мың шақырымнан астам автожолдар төселіп, 2,5 мың шақырымнан астам темір жол құрылысы салынды. Бүгін Қазақстанның экономикалық қуаты Орталық Азияның барлық елдерінің жиынтық экономикаларының көлемінен 2 есе артық.  Жан басына шаққандағы ЖІӨ 13,5 мың доллардан асты, бұл Шығыс Еуропаның көптеген елдерінің, Түркияның, Малайзияның, Бразилияның деңгейімен орайлас.

Мемлекет басшысының Ұлттық қордан тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етуге арналған қуатты қаржы ресурстарын бағыттау туралы ұсынысы жаңа бағдарламаның ерекше мәні болып табылады.

Сыртқы нарықтардағы жағдайқолайлы болғанда, ал мұнайдың және біздің экспортқа шығаратын өніміміздің бағасы жеткілікті жоғары деңгейде болған кезде біз шикізатты экспорттаудан түскен кірісті Ұлттық қорға жіберіп отырдық. 10 миллиард долларды 2007-2009 жылдардағы дағдарысқа қарсы күреске жұмсадық. Қалған ақшаны біз ішіп-жеп, жұмсап қойған жоқпыз, оны сақтап, молайта түстік. Құрылған Ұлттық қор төңірегінде болған сол кездердегі пікірталастарды естеріңізге сала кетуге болады. Сол кезде көптеген саясаткерлер мен сарапшылар қаражатты жинамай, халыққа  таратып беруді ұсынған еді. Оны баяғыда ішіп-жеп қоймас па едік.  Бүгін Ұлттық қор 100 миллиард доллардан астам болып отыр.

Енді міне, осы резервтерді пайдаланатын уақыт туды.  Жалпы алғанда, ЖЭС іске асыруға  24 миллиард доллар бөлінетін болады.

 

ДАМЫҒАН ИНФРАҚҰРЫЛЫМ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Көлік-логистикалық, индустриалдық, энергетика инфрақұрылымдарын дамытуға, сондай-ақ ТКШ (тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық) жаңғырту мен тұрғын үй және басқа да әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған жоспар жаңа экономикалық саясаттың өзегіне айналады. Осы жоспардың ауқымды жобаларын іске асыру мемлекеттің қуатының өсе түсуіне әкелуімен қатар, әр өңірдің, қаланың, ауыл мен кенттің дамуына оң әсерін тигізеді.

Мысалы, автомобиль жолдарын салуға басым назар аударылатын болады. Астана- Ақтөбе-Атырау және Атырау-Астрахань тас жолының автожолдар жобаларының құрамына кіргені қуантады. Бұның біздің облысымыздың тұрғындары үшін қаншалықты маңызды екендігін түсіндіріп жатуды артық деп санаймын.

Бұдан басқа, инфрақұрылымдық жобалардың тек өзінің ғана маңызды емес екенін түсіну қажет. Оларды іске асыру құрылыс материалдарына, көлік-коммуникациялық, энергетикалық және тұрғын үй-коммуналдық салалар үшін өнімдер мен қызмет көрсетулерге үлкен сұраныс туындататынына баса мән берілген, ал бұл өз кезегінде шағын және орта бизнестің дамуына, жаңа кәсіпорындардың пайда болуына серпін беріп, сондай-ақ халықтың жұмыспен қамтылуын жақсартуға және басқа да көптеген әлеуметтік міндеттерді шешуге оң ықпалын тигізеді.

Мысалы, Атырауда өткен Қазақстан мен Ресей ХІ өңіраралық ынтымақтастық форумына қысқа мерзім ішінде біздің облыста ҮИИД МБ (үдемелі индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы) іске асыру шеңберінде ашылған үй құрылысы комбинатында жасалған темір-бетон бұйымдарынан салтанат сарайы мен көрме орталығының жаңа ғимараттары бой көтерді.

«Нұрлы Жол – болашаққа  бастар жол»ЖЭСтүпкілікті мақсаты – дағдарыс жағдайында халқымыздың әлеуметтік көңіл-күйін жақсарту, әл-ауқатының қол жеткізілген деңгейін сақтап қалу ғана емес, оны арттыра түсу болып табылатынын атап көрсету маңызды. Мысалы, ТКШ инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігінің сапасы мен жайлылығына оң ықпалын тигізетіні даусыз. Осы қатарда тұрғын үй проблемасын шешудің алатын орны ерекше. Мемлекет әлеуметтік жалдамалы баспананы салып, оны тұрғындарға сатып алу құқығын бере отырып, ұзақ мерзімді жалға ұсынады. Баспананы тікелей, делдалдарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен ұсыну оның сатып алу құнын арзандатуға мүмкіндік береді. Бастапқы жарнаның болмауы мен ипотека үшін төмен пайыздар баспананы қазақстандықтардың көптеген жіктері үшін қолжетімді ете түседі, сондықтан 2015-2016 жылдар ішінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыру қосымша 180 миллиард теңге сомасында ұлғайтылады.

 Жаңа бағдарламаның әлеуметтік бағыттылығы туралы айтқанда, білім беру жүйесіне назар аудармай   болмайды. Бәрінен бұрын, бұл – апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту проблемаларын шешу, бұған қосымша 70 миллиард теңге бағытталатын болады. Мектепке дейінгі мекемелерде орындар тапшылығын түбегейлі қысқарту үшін үш жыл бойы қосымша 20 миллиард теңге бағытталады.

Қойылған мақсаттарға ЖЭС-ты табысты іске асырудың міндетті талаптарын, олардың арасында жауапкершілік, адалдық, атқарушы биліктің прагматизмі мен патриотизмі, жедел заңнамалық қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қатаң қарсы тұру және әрине, барлық азаматтардың белсенділігі, мүдделілігі, шығармашылық ұстанымы да бар, талаптарды орындамайынша,  қол жеткізу  мүмкін емес екендігін жақсы түсінеміз.

Біраз нәрсе біздің әрқайсымыздың өмірлік ұстанымымызға да байланысты.  Қарақан басыңның қамын күйттеп, мұңын шағып, айналадағының бәрін жапыра сынай беруге де болады, я болмаса, «Нұрлы Жол» бағдарламасының тамаша мүмкіндіктерін пайдаланып, туыстарың мен бауырларыңды бақытқа бөлеп,   өз өміріңді жақсы жағына қарай өзгертіп,  еліңе пайдаңды тигізуге де болады.

Дамудың жаңа бағдарламасын табысты іске асырудың маңызды  шарты біздің ең басты байлығымыз – татулық, келісім мен тұрақтылық  болатыны және болып қала беретіндігі даусыз.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың нық сенімі бойынша «Бұл – Қазақстанның болашағының кілті… Тұрақтылық пен келісім дегеніміз не? Ол – отбасылық әл-ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік – ол әке мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы және біздің балаларымыздың бақыты. Бейбітшілік – ол тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге деген сенім. Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік».

Нұрсұлтан Әбішұлының осы сөздері біздің әрқайсымыздың жүректегі арманымызбен,  ойымызбен және мақсатымызбен жарасымды үйлесім тауып,  үндесіп жатыр десек, артық айтқандық емес.

Жолдаудың «Нұрлы Жол» деп аталуының өзінде қаншама мән-мағына жатыр. Президент бізге, болашаққа нық сеніммен бет түзеген елімізге нұрлы да айқын және ашық жол көрсетіп отыр.

Жолдауды іске асыру Отанымыздың гүлденуіне әкелетініне және басты мақсатымыз – әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруіміздің маңызды  кезеңіне айналатынына сенемін.

 

Еркін  ШПАНОВ,

Қазақстан Республикасы

Парламент  Мәжілісінің  депутаты

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button