Жарнама
Саясат

НҰРЛЫ БОЛАШАҚ ЖОЛЫНДА

 

Өзінің даму кезеңінде партияның қол жеткізген ең басты нәтижесі — Елбасының «Қазақстан-2030» стратегиясын мерзімінен бұрын орындауы болды. Бүгінгі күні бұл міндеттерді межесінен бұрын іске асырып, ендігі уақытта 2050 жылға дейін ілгері дамудың бағыттарын орындауға жұмыла кірісіп кеттік.

Көшбасшымыз Қазақстан халқына биылғы Жолдауында ең бастысы, бәсекеге қабілетті ел болу үшін жастардың білімді, сонымен қатар рухы биік, намысы жоғары азамат болып қалыптасу керектігін атап  көрсетті. Бұл ретте білім беру жүйесін инновациялық даму жолына түсіру қажеттілігі маңызды. Мемлекет басшысы жоғары оқу орындарында білім стандарты мен оқу бағдарламаларын жетілдіруді тапсырды. Ал, ақпараттық технологиялардың дамыған заманында ғылымның әр тетігін меңгеру – баршамызға ортақ міндет.

Осы орайда қандай жұмыстар жүзеге асып жатыр десек, өзім  еңбек  ететін «Теңізшевройл» ЖШС-нің тарапынан айтқанда, жергілікті үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жасаған жобалардың нәтижесін атауға болады. Мәселен, «Тіл дарын» тілдерді оқытудың инновациялық технологиялары жөніндегі методикалық орталықтың өз әдістемелері бойынша iPad планшет компьютерлеріне арналған қазақ тілін үйрету бағдарламасы мен халықаралық алмасу кеңесі ұсынған «Жаңа ақпараттық технологиялар ғасырының мұғалімдері» жобасы –осыған дәлел.

Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында  дамыған  отыз елдің қатарынан көрінуді мақсат етті. Бұл ретте елдің туын көтерер жастарға, келер ұрпаққа  жүктелер міндет жүгі ауыр. Сондықтан, жалпы  білім  беретін  мектептер мен орта арнаулы және  жоғары оқу орындары Президент тапсырмаларын мұқият орындау жолында іргелі істер тындырса, біздің ұтарымыз мол болмақ. Мысалы, қазіргі  Назарбаев зияткерлік  мектебінің жаңа бағытта  жұмыс  істеуі болашаққа терең білімді, әлемдік бизнесті бағындыратын ұрпақтарды дайындайды  деген  сенім туғызып отыр. 

Мемлекет басшысы тағайындаған «Болашақ» стипендиясы арқылы Атырау өңірінде шет елден  оқып келген жастар  баршылық. Олардың бірқатары  біздің кәсіпорында  еңбек  етуде. Мені сол жастардың бәсекеге қабілеттілігі қуантады. Қызметкерлердің интеллектуалдық тұрғыда өсуіне кәсіпорын  тарапынан барлық жағдай  туғызылған  десем, артық айтқандық  болмас.  Мемлекеттік тілге деген құрмет пен ұмтылыс та жоғары. Жастар өзге тілдерді меңгеріп қана қоймай, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуде өз күштерін қосуда.

Ендігі уақытта тәуелсіздікті сақтап, «Мәңгі Ел» болуда патриотизмді арттыру қажет. Патриоттық тәрбиенің негізін қалау – әр ата-ананың, мектеп ұстаздарының парызы. Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан ұлттық құндылықтарды жаңғырту – қашанда кезек күттірмес мәселе. Осы сияқты ел дамуындағы биік мақсаттарды басқару «Нұр Отан» партиясына жүктелді. Алдағы уақытта да ел қуатын еселеуде  Елбасы партиясымен бірге алға жылжи бермекпіз.

Мәрия ҚАРАЖІГІТОВА,
қоғам қайраткері,
 Атырау облыстық мәслихатының депутаты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button