Жарнама
Саясат

«Miras» кеңесі Жолдауды талдады

«AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы азаматтық қоғам және мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» аймақтық қоғамдық кеңесінің отырысында Президент Жолдауы жан-жақты талқыланды.

Аталған кеңес төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Нұржан Ермұханов «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» тақырыбындағы Жолдауда ел дамуының бағыт-бағдары айқындалғанын атап өтті.

«Қазіргі күрделі кезеңде Қазақстанның келешекке кемел қадам басуын қамтамасыз ету үшін Президент батыл да маңызды бастамалар көтерді. Ең бастысы, халықтың әлеуметтік жағдайы әрдайым мемлекеттің басты назарында қала бермек. Жолдауда айтылған жаңашылдықтардың түпкі мақсаты – жұрттың тұрмысын жақсарту, әл-ауқатын арттыру. Саяси, экономикалық реформалардың, игі бастамалардың бәрі осыған бағытталған» деді ол.

Кеңесте арнайы баяндама жасаған Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Лесқали Бердіғожин тәуелсіз Қазақстан өміріндегі Жолдаулар тарихы, стратегиялық маңызды бағыттары туралы арнайы баяндама жасады. 

Күн тәртібіне сай, «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасының жобасын талқылау үшін партия филиалының Саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Мәлік Кариев сөз алып, идеоглогиялық құжаттың мән-маңызы, мақсаты туралы айтып өтті.

Жиын соңында қатысушылар пікір алмасып, ұсыныс-тілектерін жеткізді. Солардың бірі – облыстық мәслихат депутаты, «Miras» аймақтық қоғамдық кеңесінің мүшесі Сырымбек Сәрсембаев ұрпақ тәрбиесіне қатысты маңызды мәселені ортаға салды.

Гүлжан ӘМІРОВА

Суретті түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button