Саясат
Медицина саласы назардан тыс қалмайды
Таяуда өткен сайлауда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы 7 жыл үшін жеңіске жеткені белгілі.
Бұл біз үшін, еліміз үшін маңызды шешімдердің бірі болды. Енді елімізде үлкен саяси өзгерістер болатыны белгілі. Осы ретте, президент Қасым-Жомарт Кемелұлы медицина саласына да көңіл бөледі деп сенеміз. Ол осыған дейінгі Қазақстан халқына жолдауында ауыл медицинасын, жалпы медициналық әлеуетті арттырудың тиімді жолдарын атап көрсеткен. Сондай-ақ сайлауалды бағдарламасында да осы тақырыпты сөз еткен болатын. Енді халық сенім артқан президенттен көп үміт күтеміз. Ақ халатты абзал жандар да бар жақсылыққа лайықты.
Асыл Ахметова
Көз дәрігері