Жарнама
Саясат

Парламент Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов Атыраудағы полипропилен зауытының құрылысымен танысты

Депутат Қарабатанда жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысу үшін арнайы келді, сондай-ақ жұмысшыларға референдум өткізудің маңыздылығы туралы айтты.

«Референдум — жаңа Қазақстанды құрудағы басты қадам. Біз экономикасы мықты, әлеуметтік әлеуеті дамыған елге дауыс беруге тиіспіз. Референдумға қатысу-алға жасалған маңызды қадам», — деді депутат Дүйсенбай Тұрғанов. Мәжілісмен жұмысшылармен кездесіп, олардың пікірлерін тыңдады.

Қазір зауытта полипропиленнің алғашқы партиясын алуға дайындық жүріп жатыр. Өткен жылдың желтоқсан айында кешен Теңіз кен орнынан пропанның алғашқы партиясын қабылдады.

Зауыт өкілінің айтуынша, кәсіпорында технологиялық процестерге қажетті айналма сумен қамту жүйесі қолданылады. «Karabatan Utility Solutions» ЖШС тазарту қондырғысы кешенімен бірігу нәтижесінде ағындарды толықтай тазалау және қайта пайдалану жүйесі есебінен суды пайдалану көлемі азайып келеді.

Қазіргі уақытта зауытта 2700 адам жұмыс істейді. Оның ішінде Қытайдың баламалы зауытынан 200 маман іске қосу-жөндеу жұмыстарына қатысуда. Жобаның бас мердігері қытайлық CNCEC компаниясы жобаны толықтай жүзеге асырады.

Зауыт жылына 500 тонна полипропилен шығаруды жоспарлап отыр, ол машина жасау, медицина және электротехника саласындағы базалық шикізат болып табылады, буып-түю материалдарын, ыдыстарды, талшықтарды, ыстық сумен жабдықтауға арналған құбырлар мен фитингтерді, оргтехника мен тұрмыстық электрониканы, халық тұтынатын тауарларды, бақша және кеңсе жиһаздарын өндіру үшін қолданылады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button