Мәжілісмен атыраулық студенттермен кездесті (+ФОТО)
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сәрсенұлы Ерубаев С.Мұқашев атындағы политехникалық колледжінің ұжым мүшелері, студенттерімен кездесті.
Кездесуге «Ақ жол» демократиялық партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Е.Т.Юсупов пен аппарат жетекшісі А.А.Қондыбаева қатысты.
Серік Сәрсенұлы ұжым мүшелерін Конституцияның елді дамытудағы рөлі мен 5 маусымда өтетін референдумның қарауына шығарылатын конституциялық реформалар жобасымен таныстырды. Ол саяси жүйедегі күтілетін өзгерістер, мәслихат және Парламент сайлауына қатысты өзгерістер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Кездесуге қатысушылар зейнет жасын төмендету мүмкіндігі,мемлекеттік тілдің тұғырын заң тұрғысында көтеру, халықтың шынайы тұрмысы мен жағдайы, баға саясаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесін қайта қарау туралы ұсыныс, пікірлерін ортаға салды. Талқылау қызықты болды. Ұжым басшылығы мен оның мүшелері референдумды қолдап, бірауыздан дауыс беруге дайын екендіктерін білдірді.
Өз тілшіміз