Жарнама
Саясат

Мәжіліс депутаты Махамбет тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан Халық партиясы» фракция мүшесі Айбек Паяев Махамбет ауданына қарасты Сарайшық және Бейбарыс ауылдарында болып, тұрғындармен кездесті.

Конституцияға енгізілетін өзгерістерді түсіндіріп, 5 маусым күні өтетін референдумға қатысуға шақырды. Әйелдердің зейнет жасын төмендету мәселесін көтеріп келе жатқан партияның белді мүшесі жер қойнауын игеру, суперпрезиденттік басқарудан бас тарту, қазақ тілінің де жайын қаузап өтті. 90-ға жуық тұрғыны бар Ескі Сарайшық ауылының халқы өздерінің проблемасын айтып, жол мәселесін қозғады. Мәжілісі депутаты көтерілген жайларды республика деңгейде көтеретіндігін жеткізді.

  • — «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы сапалы орындалып, ауылдық жерлер мықты дамуы керек. Халық соны сұрап отыр. Оның барлығы жүзеге асатын жобалар. Міндетті түрде бақылауға алып, соның жүзеге асуына атсалысамыз. Осы уақытқа дейін біраз аудандарды араладық. Қуантарлығы, халық референдумды дұрыс қабылдап отыр. Бірлігіміз мықты болса, халқымыздың жағдайы бүгінгіден де жақсара түсетініне сенемін,- деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Паяев.

Қазбек Айтқалиев

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button