Жарнама
Саясат

Мәжіліс депутаттығына 7 партиядан 283 кандидат бәсекелес болады

19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс сайлауында 7 партиядан 283 адам партиялық тізім арқылы 69 мандат үшін бәсекеге түседі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеше, 8 ақпан күні сағат 18-00-де барлық өңірде Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды. Орталық сайлау комиссиясы сайлауға барлық 7 саяси партияны жіберді», — деді ол комиссия отырысында.

Оның дерегінше, барлық 7 саяси партия Мәжіліс сайлауына қатысу үшін 283 кандидаттан тұратын партиялық тізімін Орталық сайлау комиссиясына ұсынған.

«Саяси партия партияға мүше болмаған тұлғаны тізімге қосуға құқығы жоқ екендігін еске салғым келеді. Партиялық тізімге қосылған тұлғалар саны саяси партиялар араксында бөлінетін депутаттық мандаттың белгіленген санынан 30 пайызға асып кетпеуі тиіс. Бұл ары кеткенде 90 адам, одан төмен де болады. Партиялар партиялық тізім саны қанша болатындығын дербес анықтады», — деді Константин Петров.

Сонымен Мәжіліс сайлауына 7 саяси партия қатысады. Оның ішінде партиялық тізім арқылы Қазақстан халық партиясынан — 52, Ақ жол партиясынан — 54, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан – 19, «Байтақ» жасылдар партиясынан» — 18, «Ауыл» партиясынан – 25, Respublica партиясынан – 25, AMANAT партиясынан – 90 кандидат. Кандидаттардың жалпы саны – 283. Орталық сайлау комиссиясына кандидаттардың атынан тапсырылған құжаттар «Сайлау туралы» Конституциялық заңға сай келеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button