Мәдениет саласына қолдау әлі де керек
Егеменді елімізде биыл жетінші рет Президент сайлауы сән-салтанатымен өтті. Кешегі маусым айында өткен республикалық референдумнан кейінгі маңызды даталардың бірінде ел жұртшылығы да аудан халқы да белсенділікпен атсалысқанын көріп отырмыз. Бұл жерде мақсат – бір, үміт – бір. Ол еліміздің болашағы.
Президентті – халық сайлайды, халқы қолдайды. Сондықтан Жаңа Қазақстанды құру жолындағы саяси өзгерістер жүйелі орындалып, бағыт-бағдары айқындаларына сенім мол. Өзім кітапхана саласында еңбек еткендіктен мәденииетің осы бір саласына қолдау әлі де керек. Алыс ауылдарда орналасқан кітапханалардың жағдайы сын көтермейді. Қазіргі заманғы жаңа технология, қолайлы орын қажет-ақ. Осы бағытта жұмыстар іске асатындығына сенемін.
Ең бастысы, бүгінгі алмағайып уақытта ел іргесінің мықты, бейбітшіікте ғұмыр кешуін тілеймін.
Дина Аренова,
Индер аудандық орталықтандырылған кітапханалар жұйесінің директоры