Жарнама
Саясат

МҰНАЙЛЫ АСТАНАНЫҢ МЕРЕЙЛІ ШАҒЫ

 

«Қазақстан-2050» стратегиясында кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау біздің негізгі мақсатымыз болуға тиіс. Бизнесті қолдасақ, жұмыс орындары ашылып, халықтың әл-ауқаты артады. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесімен несиенің пайыздық ставкасын субсидиялауға сомасы 8,7 млрд. теңгені құрайтын 28 жоба мақұлданып, 336 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Сонымен қатар, 58,4 млн. теңгені құрайтын екі жобаға инфрақұрылым тарту және бір жобаны мемлекеттік грантқа ұсыну мақұлданды. Ал, 2014 жылы қала бойынша 2,7 млрд. теңгені құрайтын үш жоба  іске қосылады деп жоспарланып отыр. Онда 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

Биылғы жылы 59,4 млрд. теңгені құраған қала бюджеті соңғы үш жылда 7,7%-ға өскен. Орташа айлық еңбекақы 9 айда 203 401 теңгені құрап, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 3,1 пайызға артты.

Азық-түлік  молшылығын  жасау – маңызды  міндет

Жыл басынан бері 143 сауда және қызмет көрсету нысандары ашылды, оның  48-і — селолық округтерде. Онда 164 адам тұрақты жұмыс жасауда.

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында қала аумағында орналасқан базарлар, супермаркеттер басшыларымен, ірі көтерме тасымалдаушылармен Меморандумдарға қол қойылды. Қала халқына әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерін қолжетімді бағамен ұсыну үшін Ресей және отандық тауар өндірушілердің қатысуымен бүгінгі күнге дейін 141 жәрмеңке өткізілді.

Ауыл шаруашылығы саласында да оң серпілістер бар. Өткен тоғыз айда 1,5 мың тонна ет, 3,5 мың тонна сиыр сүті, 189 мың дана жұмыртқа өндірілді. Айта кетсек, 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 1,3 пайызға, сиыр сүті 0,2 пайызға және жұмыртқа 0,3% артқан. Сондай-ақ, 1,5 мың гектар жерге егін егіліп, 28,3 мың тонна көкөніс, 4,0 мың тонна картоп, 6,0 мың тоннабақшаөнімдері жиналды. Өнім өндіру көлемі 3,7%-ға артты.

 Жаңа технологиялы тамшылатып суару арқылы 250 га жерге көкөніс-бақша дақылдары егіліп, өткен жылмен салыстырғанда егіс көлемі 80%-ға өсті. Жыл аяғына дейін жаңа технологияны қолдану арқылы екі жылыжай іске қосылады. Жалпы, ауыл шаруашылығын қолдауға қаржы институттарымен бірлескен жұмыс нәтижесінде 52 адамға 188,1 млн. теңге көлемінде қолдау көрсетілді.

Инфрақұрылым – игілікті  іс  бастауы

Елбасы бүгінгі таңда әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ерекше мән беріп отыр. Алдағы уақытта тұрғын үй салуға бөлінетін жер телімдері инфрақұрылымы толықтай жүргізілгеннен кейін заңға сәйкес берілетін болады. Бұл бағытта қалалық әкімдік тарапынан жүргізілген жүйелі жұмыстар өз нәтижесін беруде. Жер телімдеріне жүргізілген тексеру барысында игерілмей отырған 832 жер телімі анықталды, жалпы көлемі 75,0 га-дан астам 67 жер телімі мемлекетке қайтарылды.

Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 47 шақырымды құрайтын ауыз су жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде және қала аумағында орналасқан 23 нысандағы құрылыс жұмыстары қарқынды жалғасуда.

Келесі бір басты мәселе, ол  –  қала тазалығы. Бұл жұмыспен тікелей айналысатын «Арнаулы автобаза» мекемесінің жұмысын жетілдіру үшін қосымша арнайы бес техника және 500 дана евроконтейнер сатып алынды. Қазіргі таңда ұзындығы 450 метрді құрайтын кәріз желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қаланы көгалдандыру жұмыстары жалғасын тауып, 9 мың дана жас көшет отырғызылды. Сәтбаев даңғылының 6,2 мың шаршы метр аумағына төсемтастар төселді.

Қазіргі уақытта темір жол көпірінен Геолог поселкесіне дейінгі аралыққа ұзындығы 542 метрді құрайтынқорғаныш бөгеттері салынып жатыр. 

Аумақтарды дамыту бағдарламасы аясында селолық округтерде  балаларға арналған 18 ойын алаңы тұрғызылған.

Қалада биылғы жылы жол құрылысы бойынша бірқатар жұмыстар жүзеге асты. Соның ішінде, жергілікті бюджет есебінен Атырау-Индер автокөлік жолының 6,2 шақырым бөлігі жасалды. Бұған қоса, Геолог және Ақжайық елді мекендерінде жалпы 20,3 мың шаршы метрді құрайтын көше жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді (Геолог с. — 8,3 мың ш.м., Ақжайық с.– 12 мың ш.м.) Ал, қазіргі таңда Тасқала, Тасқала-2 селолары мен Өркен ықшамауданының жалпы  26 көшесінде күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар, жыл аяғына дейін 1200 шаршы метр жасанды жол кедергілері жасалады және қала көшелерінің қауіпті жол қиылыстарына 18 бағдаршам орнатуды жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта автобус паркін жаңарту жұмыстары жалғасын табатын болады.

Бәсекелестік биікке  жетелейді

Халықты тұрғын үймен қамту  мақсатында қабылданған «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылдың соңына дейін тұрғындарға жалпы ауданы 61 мың шаршы метрден асатын барлығы 1005 пәтерлік 22 тұрғын үйді салып бітіру жоспарлануда. Оның ішінде бүгінгі таңда аумағы 6,4 мың шаршы метр болатын 108 пәтерлік үш тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, іске қосылды.

Жыл аяғына дейін 897 пәтерді құрайтын қалған 19 тұрғын үйдің   құрылысын аяқтап, іске қосу үшін жұмыстар жүргізілуде. Ал, келер жылы «Қолжетімді баспана — 2020» бағдарламасы шеңберінде аумағы 59,7 мың шаршы метр болатын 900 пәтерлік 19 тұрғын үйдің құрылысын салу жоспарда бар.

Ұлттың бәсекелестік қабілеті, бірінші кезекте, оның білім деңгейімен айқындалады.  Бүгінгі таңда қаладағы 57 мектепте 44 515 оқушы білім алуда. Биылғы оқу жылында Геолог селолық округінде 624 орындық №36 орта мектеп пайдалануға берілді. Қала бойынша апатты жағдайда деп танылған екі мектеп орнына 300 орындық екі жаңа мектеп салынуда. Апатты жағдайдағы М.Отаралиев атындағы орта мектепке жобалық-сметалық құжаттар жасақталды. Сонымен қатар, тоғыз мектепке жылу қазандықтары орнатылып, қаладағы бес мектепке күрделі жөндеу және 19 мектепке жылу есептегіш құралдарын орнату үшін қаржы бөлініп, жобалық-сметалық құжаттар жасақталды.

Он сегіз мектепке алынған химия кабинеттері жыл аяғына дейін орнатылмақшы. «Е-learning» электрондық оқыту жүйесімен қаладағы он мектеп толықтай жұмыс жасауда, енді жоспар бойынша  бес мектепті осы жүйеге қосу мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Бұл мақсатта 240 интерактивті тақта орнатылды. Қала мектептері 100% интернет желісіне қосылған, 66,4%-ы кең жолақты интернетті пайдаланып отыр.

Жыл басынан бері қала бойынша сегіз мың жаңа жұмыс орны ашылды. Жұмыспен қамту мекемелеріне хабарласқан жеті мыңға жуық жұмыссыздың 3 161-і тұрақты жұмысқа орналастырылып, 798 адам қоғамдық жұмысқа тартылды. Сонымен қатар, 141 отбасына атаулы әлеуметтік көмек, 725 отбасына мемлекеттік жәрдемақы, аз қамтылған 281 отбасына тұрғын үй жәрдемақысы, үйден оқитын және тәрбиеленетін 257 мүгедек балаға, 671 аса мұқтаж отбасыларына және 623 адамға атаулы және мерекелік күндерге біржолғы материалдық көмек көрсетілді.

тәні саудың – Жаны  сау

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев медициналық қызметтер сапасының бірыңғай стандарттарын енгізуге, сондай-ақ, медицина мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын бірыңғайландыруды тапсырғаны белгілі. Осы орайда, бүгінгі таңда қалалық емханалардың медициналық құрал-жабдықтармен қамтылуы орташа есеппен 30-35 пайызды құрайды екен. Сонымен қатар, қалалық жедел жәрдем қызметін жеделдету үшін қосымша жеті автокөлік алынды, қазіргі таңда 18 жедел жәрдем бригадасы қызмет көрсетуде.

Жыл аяғына дейін Еркінқала селосында жанұялық дәрігерлік амбулаторияның және Жаңаталап селосында фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылыстары аяқталып, іске қосылады. Мәдениет саласы да кенже қалып жатқан жоқ. Биыл 20 млн. теңге көлеміндегі қаражатқа Құрманғазы және селолық мәдениет үйлерінің сахналық киімдері жаңартылды.

Спорт саласына келер болсақ,бұл бағытта қала орталығынан №3 және Геолог ауылында №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері ашылғаны белгілі.  Жасанды көгал төселген 110 шағын футбол алаңы тұрақты жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, қала аумағында бұқаралық спортты дамыту мақсатында 12 жиынтық спорттық тренажерлар орнатылды. Жыл аяғына дейін тағы жеті жиынтық  орнату жоспарлануда екен. Бұл бастама өңірдегі бұқаралық спортты дамытуға бірден-бір септігі тиері сөзсіз.

Қоғамдық тәртіп мәселесіне келер болсақ, Атырау облысы бойынша қылмыстардың ашылуы 32,6%-ды құрап, республика көлемінде  төртінші орынға көтерілді. Қаланың криминогендік ахуалы төмендеген ықшамаудандарда жүргізілген жедел және локалдық іс-шаралар нәтижесінде жасөспірімдермен жасалған қылмыстар саны 40,6%-ға азайды.

Бүгінгі таңда қала аумағында 266 сыртқы бейнебақылау камералары жұмыс жасайды. Жыл соңына дейін қосымша 191 сыртқы бейнебақылау камералары іске қосылатын болады. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button