Жарнама
Саясат

«Мұғалімнің мәртебесін көтеру – аса маңызды»

Screenshot_3

«Елбасының Жолдауымен таныстық. Оның ішінде білім, ғылым саласына бағытталған нақты тапсырмаларға тоқталып өтер болсам. Бұл ретте Мемлекет басшысы білімді, ғылымды көтеруге 100 миллиард теңге қосымша қаржы бөлуге тапсырма берді. Яғни, негізгі мақсат – еліміздің өркендеуі, гүлденуіне ең бірінші ғылым керек қой. Сондықтан, технология, инновациялық қызметтер саласында әлеуетті бағдарламаларды жүргізуге баса назар аударды. Технопарктерді құруға, жасанды интеллектті дамыту бағытында міндеттер жүктеді.

Ахмет Байтұрсынов атамыз айтқандай, «Алты Алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын мұғалімдікі.» Сол себепті, қоғамдағы мұғалімнің мәртебесін көтеру мақсатында арнайы Заң қабылдауды да тапсырды. Бұл өте қуанарлық жағдай. Өйткені, қазіргі таңда мұғалімдердің қосымша жұмыстарға көбірек тартылатыны белгілі. Оларды басы артық басқа жұмыстардан шектеу аса маңызды болмақ».

Нұргүл Аққайнанова, Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның география пәнінің мұғалімі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button