Жарнама
Саясат

ҚЫЗЫЛҚОҒАНЫҢ БОЛАШАҒЫ – АГРОСЕКТОРДА

Ел экономикасын дағдарыстан алып шығудың негізгі формуласы шағын және орта бизнесті дамыту екендігі белгілі. Осы ретте ауданда кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1120-ға жеткенін атап өткен жөн. «Бүгінде аудан халқына 157 сауда объектісі, 1 базар, 42 қоғамдық тамақтандыру орны, 70 халыққа қызмет көрсету орны және 24 өндіріс орны қызмет көрсетуде» деген баяндамашы Мақсот Мұқанов есепті мерзімде 32 кәсіпкерлік объектісі іске қосылып, 76 жаңа жұмыс орнының ашылғандығын хабарлады.

Халықтың даңқын шығаратын құндылық ретінде әдетте ойшылдар мәдениет пен спортты атап жатады. Аудан бұл саланы да табыстармен аяқтады. «Мәселен, өткен жылы 1692 мәдени-көпшілік шара өтіп,  ақылы қызметтен барлығы 3588,6 мың теңге қосымша табыс түсті» деген баяндамашы аудан  спортшыларының «Ақбидай» облыстық спартакиадасының жеңімпазы, волейболдан ерлер арасынан облыс чемпионы,  самбо бойынша ҚР  чемпионатында чемпион белдігін тағынғандығын атап өтті.

Жиын соңында Сағыз ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлім Үсен, Қызылқоға аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрбол Бижанов атқарылған жұмыстарға байланысты ой-пікірлерін білдіріп, жергілікті тұрғындар Төлеп Тілегенов, Баян Қосымбаева, Дізгінбай Өрбісінов, Арайлым Елеуова және басқалар өз сауалдарына жауап алды.

Ауданға сапар барысында облыс басшысы жергілікті азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

 

Алдағы міндеттер

Ауыл шаруашылығын дамыту; 

Шағын және орта бизнеске кеңінен қолдау көрсету; 

Бюджет қаражатын үнемдеу; 

Жастарға, жастардың бастамаларына қолдау көрсету; 

Халықты әлеуметтік тұрғыдан қолдау мен қорғау. 

 

Даму  перспективалары

— Көздіқара, Сағыз ауылдарында наубайхана іске қосылады;

— Миялыда сервистік дайындау орталығы ашылады;

— Қарабауда бөдене өсіру шаруашылығы жаңғыртылады;

— Көздіқара ауылынан жылыжай ашылады;

— Тасшағыл ауылынан жанар-жағармай бекеті іске қосылады;

— Сағыз ауылында 400 орындық мектеп салынады;

— Қарабау, Мұқыр ауылдарында мәдениет үйі ашылады;

— Тасшағыл, Тайсойған елді мекендерінде балабақша бой көтереді;

— Қарабау – Миялы тас жолы жалғасып, жол бойында орналасқан селолардың кірме жолдары күрделі жөндеуден өтеді. 

 

Медицина саласы

2015 жылы дүниеге келген сәби саны – 685

Аудан тұрғындарына 60 төсектік орталық аурухана, туберкулез диспансері, 10 төсектік Сағыз бөлімшелік ауруханасы және 8 дәрігерлік амбулатория, 6 медициналық пункт қызмет көрсетеді

Емдеу мекемелерінде 45 дәрігер, 261 орта  буын  медицина  қызметкері  еңбек етуде

 

Еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік жағдай

Нақты жұмыссыздардың саны – 224 адам

Жыл ішінде 752 жаңа жұмыс орны ашылып, 117 адам тұрақты орындарға, 635 адам уақытша және маусымдық жұмысқа орналасты

Жыл көлемінде  бос жұмыс орындарының үш жәрмеңкесі өткізіліп, 101 адам жұмыс-қа орналастырылды

«Дипломмен – ауылға» мемлекеттік  бағдарламасына сәйкес,

— бір  реттік көтерме  жәрдемақыға 5113,0 мың теңге бөлінді

40 мүмкіндігі шектеулі адамды емдетуге  және 62 мүгедекке шипажайға  жолдама берілді

 

Білім беру саласы

Ауданда 13 орта, 4 бастауыш мектеп бар;

0-7 жас аралығында 4903 баланың 1738-і мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылып отыр

«Балапан» бағдарламасы аясында

110 068,7 мың  теңге қаржы  игерілді

Өткен жылы мектеп бітіргендер саны – 345 оқушы;

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқандары – 73,6 пайыз немесе 254  оқушы

 

 

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button