Көпбалалы ана үйден дауыс берді

620a221c feb9 422a 8b42 ac95f9fc43f2 Саясат

Махамбет ауданында денсаулығына байланысты референдум учаскесіне келе алмайтындар үшін тасымалдау жәшігі арқылы дауыс беру қарастырылған.

№217 референдум учаскесі бойынша 43 үйге комиссия мүшелері мен полиция қызметкері тасымалдау жәшігін апарып, сайлаушылар өз таңдауын жасады. Жарты ғасырлық ғұмырын денсаулық саласына арнаған, дәрігер-фтизиатр Жалғас Еспусинов пен жұбайы Оңай Измұханова аудан өміріне елеулі үлестерін қосқан еңбек ардагерлері.


– Референдум болатынын білгенімізбен, оған өзіміз бара алмайтынымызды ойлап қапа болған едік. Бірақ, тасымал жәшігін үйге әкелуге алдын-ала өтініш жазуға болатынын естіп қуандық. Біздің науқаннан шет қалмай, өз даусымызды беруге жағдай жасады. Ұзақ жылдар ауданда еңбек етіп, талай өзгерістерді бастан кештік. Бұл референдумнан халықтың күтері көп екені анық. Біз секілді жандарға осындай мүмкіндік жасап жатқандары үшін алғысымыз шексіз, – дейді зейнеткер, көп балалы ана Оңай Измұханова.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз