«Конституцияға енгізілетін өзгеріс саяси реформаларды жеделдетеді»
Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар қазақстандықтардың көкейінде жүрген саяси реформаларды жүзеге асыруды жеделдетеді.
Бұл туралы Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі Атырау өңірлік штабының жетекшісі Гүлзада Шакуликова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ата Заң – Азаттығымыздың басты құндылығы. Осы орайда тәуелсіздік алғаннан бері әлемдік өркениетте өз орнын айшықтаған тәуелсіз мемлекетімізді одан демократиялық жолмен өркендету үшін бұрынғы құқықтық жүйені заман талабына сай жаңартудың маңызы зор. Жақында Мемлекет басшысы еліміздің қоғамдық-саяси дамуын оң үрдіске бастайтын маңызды шешім қабылдап, ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жоспарлады. Осыған байланысты 5 маусымда референдум өткізу жөнінде Жарлыққа қол қойды. Бұл референдум жаңа саяси реформаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді», -дейді өңірлік штабтың жетекшісі Гүлзада Шакуликова.