Жарнама
Саясат

Комиссия отырысында келелі мәселелер қаралды

Жайық, Қиғаш өзендерінің Каспий теңізіне құяр сағасын тереңдету жұмыстарына республикалық бюджеттен қанша қаржы бөлінбек? Бұл сомаға жүргізілетін жұмыстар ауқымы қандай? Облыс көлеміндегі неше білім беру нысандары күрделі жөндеуден өтуде? Қайсысы уақытында тапсырылды? Мойнына алған жұмыстарын уақытылы аяқтамаған мердігерлер бар ма? Осы секілді маңызды мәселелер Amanat партиясы Атырау облыстық филиалының партиялық бақылау комиссия отырысында кеңінен талданды.

Комиссия мүшелері әр мәселе бойынша жауапты мамандарды, оған қоса, аталған жұмыстарды жүргізетін мердігер мекеме өкілдерін де тыңдады.

Сала мамандарының сөзіне сүйенсек, түп тереңдету жұмыстарына қажетті қаражат көлемі – 20 млрд. шамасында. Жиын қатысушылары қомақты қаражатты бөлуге қатысты негіздемелердің нақты болуы, ақшаның мақсатты жұмсалуы, жұмыс сапасы секілді мәселелермен қоса, осы жұмыстарды жыл сайын тұрақты түрде жүргізіп отыратын мемлекеттік мекеме құру қажеттілігі туралы да ұсыныс айтты.

Облыс көлемінде былтыр (2022 жылы аяқталмай қалған жұмыстарды қоса алғанда) 13 білім беру нысандарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Келісілген мерзім ішінде олардың 5-і толық аяқталса, қалған 8-іне қатысты мердігерлер ісі  заң талаптарына сай, сотқа жолданған. Депутаттар бұл жұмыстар барысында тиісті тараптардың бақылауы, қатаң назарда ұстауы маңызды екенін атап өтті. «Өйткені, құжатта 1 нысан деп тұрғанымен, оның артында балалар тұр. Үш ауысыммен оқу немесе өзге де көптеген қолайсыздықтар туындайды. Сондықтан, істі сотқа жеткізбей, уақытылы, сапалы жүргізілуіне мүдделі болған жөн» деді депутаттар.  

Г. Әмірова

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button