Жарнама
Саясат

ҚОЙНАУЫНА ҚҰТ ДАРЫҒАН ҚЫЗЫЛҚОҒА болашаққа сеніммен қадам баса бермек

 

16 жаңа жұмыс орны ашылды

alogo1223333334Жалпы ауданда шағын және орта бизнес саласы бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 880-ді құрады. Олар  2013 жылдың тоғыз  айында 614,3  млн. теңгенің өнім және жұмыс, қызмет көлемін көрсетті. Осы мерзімде кәсіпкерлік субъектілерінен аудан бюджетіне 35,0 млн.  теңге төлемдер түсті, бұл аудан бюджетінің жалпы салық салмағының 5,9%-ын құрап отыр. Бүгінде аудан халқына 134  сауда нысаны, екі базар, 33 қоғамдық тамақтандыру орны, 48 халыққа қызмет көрсету орны  қызмет  көрсетуде.

Есепті мерзімде бір жылыжай, он азық-түлік дүкені, бір монша, бір наубайхана, екі қоғамдық тамақтандыру орны іске қосылып, 16 жаңа  жұмыс орны ашылды. Шағын және орта кәсіпкерлікті несиемен қамту мақсатында, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы несие алу бағытында құрылған «Бастау-Қызылқоға несие серіктестігі» ЖШС-і арқылы екі кәсіпкер 11,4 млн. теңге қаржы иемденді. Облыстық бюджет арқылы  шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасына сәйкес қаржыландыруға тоғыз жоба 51,5 млн.  теңгеге ұсынылып, оның ішінен алты жоба 30,5 млн. теңгеге  қаржыланып,  қалған үш жоба қаралу үстінде.

2014 жылы үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес Қарабатан маңынан жеке кәсіпкер Б.Қабуловтың неміс технологиясы  бойынша  жұмыс  жасайтын   «Резеңке  өнімдерін өңдеу және өнімдерін шығару» зауытын іске қосу  жоспарлануда. Өндіріс орны іске қосылған жағдайда 36 түрлі өнім шығарылады, 26 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Сонымен қатар, ең түпкілікті қалдықтан мазут шығару зауытын іске қосу да жоспарда бар.

Агросекторға –

айрықша назар

Ауыл шаруашылығы саласында «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында жұмыстар ұйымдастырылуда. Аудан бойынша мал өсірумен айналысатын алты ЖШС, бір өндірістік кооператив, 169 шаруа қожалығы құрылымдары тіркелген.

Өндірілген өнім өткен жылмен салыстырғанда, ет 1,3%-ға, сүт 1,7%-ға артық орындалды. Аталмыш салаға берілетін субсидиялардың 2012 жылы үш түрінен барлығы 45 177,0 мың теңге субсидия алса, 2013 жылы төрт түрінен субсидия алуға қол жеткізілді. Қазіргі уақытқа дейін барлығы 37 851 191 теңге субсидия алынып, қосымша мал азығын дайындауға берілетін субсидияға 31 шаруа қожалығы құжаттарын тапсырды.

Сала бойынша жаңадан іске  асырылған жобаларды айта кетсек, «Назгүлім» шаруа қожалығы 2012 жылы 6,0 млн. теңге несие алып, тұшпара цехының және мал сою пунктінің құрылысын  салса,  биылғы жылы 4,5 млн. теңге несиеге қажетті құрал-жабдықтарды алуда.

Жеке кәсіпкер Тұрлан Бекешов 2013 жылдың қаңтар айында іске қосылған жылыжайдың өнім көлемін ұлғайту мақсатында 400 шаршы метр  жылыжайды өз қаржысы есебінен ұзартып салуда. Сонымен қатар, биылғы жылы екі жеке кәсіпкер 48 млн. теңгеге бір ет өнімдерін дайындайтын және жүн өңдеу цехын салуға, үш млн. теңгеге бір жылыжай салуға несие алуға жұмыстануда. Соңғы жылдары лизингтік жолмен жеке тұрғындар 98 трактор алып, техникалық парк 18 пайызға жаңартылды.

Сол секілді ірі қара малдарын бірдейлендіру жұмыстары да жоспарға сай жүргізіліп, нақты деректер дерекқор базасына енгізілуде. Мал ауруларының алдын алу мақсатындағы іс-шаралар да өз мәнінде жүргізіліп келеді.

Таза ауыз су – әр ауылға

Аудан көлемінде халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуде төрт (Тайсойған, Миялы (Қарасу), Кереген, Мұздыбұлақ) жерасты су көзі пайдаланылуда.

Ауданның таза ауыз сумен қамтылу көрсеткіші бойынша елді мекендердің  52%-ы немесе халық санына шаққанда 93,5%-ы жалпы ұзындығы 257,1 шақырымдық магистральды су құбыры арқылы қамтылған. Қалған бес елді мекенге ауыз су арнайы автокөліктер арқылы жеткізіледі, жеті елді мекен жерасты  артезиан  құдықтарын  пайдаланады.

«Ауыз су» және «Ақ бұлақ» бағдарламалары бойынша 44 шақырымдық «Тайсойған-Қоныстану-Қосқұлақ» топтық су құбыры күрделі жөндеуден өтті. Миялы-Жангелдин-Жасқайрат, Индер-Миялы топтық су құбырларында төтенше жағдай орын алған уақытта халықты үзіліссіз таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Қарабау-Қаракөл», «Қоныстану-Жасқайрат» айналмалы су құбырын салу жұмысы жүруде. «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша жасалған жобалау-сметалық құжаттарына (ЖСҚ) сәйкес аудандағы 12 елді мекенде селоішілік су құбырын  тарту жұмыстары басталды. Биылғы жылдың аяғына дейін Миялы селоішілік су тарту жұмыстары аяқталады, қалған елді мекендер 2015 жылға дейін толық тапсырылады деп жоспарланды. Қосымша Соркөл елді мекеніндегі жерасты су қорын анықтау мақсатындағы жұмыстарға қажетті қаржыға сұраныс берілді. Ал, аудан көлемінде елді мекендердің  80%-ы немесе  халықтың 96%-ы көгілдір отын пайдалануға қол жеткізді.

ҚР «Тұрғын үй қатынастары» Заңына сәйкес, азаматтарды тұрғын үй кезегіне тіркеу төрт санат бойынша жүзеге асырылады. «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында Миялы селосынан үш бөлмелік 10 тұрғын үйдің құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталуда. Миялы селосындағы ескі орталық аурухана ғимаратын 250 орындық балабақшаға сәйкестендіріп, қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтау арқылы балабақша кезегінде тұрған бүлдіршіндерді 100 пайыз қамтуға мүмкіндік туады.

Египетте өнер көрсеттік

Ауданның білім саласындағы оң көрсеткіштері де жоқ емес. Ауданның 17  мектебінде 5809 оқушы білім алады. 2014 жылы Сағыз селосынан 300 орындық мектеп салу жоспарға енгізілсе, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге байланысты Миялы селосынан 600 орындық мектеп, 200 орындық жатақхана салу жоспарлануда.

Биылғы жылы жаңадан 10 клуб, 10 кітапхана ашылды. Ауданның барлық елді мекендерінде түгелдей мәдени ошақтар жұмыс жасауда. Қызылқоға ауданының «Ақжелең» фольклорлық ансамблі 2012 жылдың қазан айында Астана қаласында өткізілген «Ел іші – өнер кеніші» атты республикалық байқауда Мәдениет және ақпарат министрлігінен Египет Араб Республикасына жолдама жеңіп алған болатын. Аталған жолдамаға сай «Ақжелең» фольклорлық   ансамблінің  18   мүшесі   2013 жылдың сәуір айында Каир қаласында «Табла және  өнер мұрасы» атты  І  халықаралық фестивальға қатынасып, он күн бойы Қазақстан Республикасы атынан өнер көрсетті. Айта кету керек, тұтас Қазақ елінің атынан шалғайдағы Қызылқоға ауданының өнерпаздарының шет елде өнер көрсетуі ауданда бұрын-соңды болмаған тарихи оқиға, әрі ірі жетістік  болды.

Ауданда жұмыс жасайтын 230 орта буын медицина қызметкерінің 89-ы  жоғары санатты. Десек те, кадр тапшылығы сезілуде, әлі бес дәрігер жетіспейді.         

«Саламатты Қазақстан» жолымен

Ауданда барлығы 49 спорттық құрылым бар. Өткен 2012 жылы ауданның  Миялы және Сағыз селоларынан спорт кешендері, Миялы, Сағыз, Мұқыр селоларына  бес шағын ойын алаңы салынып, пайдалануға берілді. Қазіргі таңда спортпен жүйелі түрде айналысатын адамдар саны 7950-ге жетіп,  аудан халқының  26 пайызын құрап, облыс бойынша рейтингте Атырау қаласынан кейінгі екінші орында. Яғни, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың  2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сай «кемінде 30 минут дене шынықтырумен шұғылданатын адамдардың  үлесін  2013  жылға  қарай  18%-ға жеткізу» міндетін орындауда ауданда қарқынды жұмыс жасалынып отырғандығын көрсетеді.

Аудандағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 1253 бала спорт түрлері бойынша тегін жаттығады.  Ауданның жеті округінде спорт мектебінің бөлімшелері жұмыс жасайды, оған 18 жаттықтырушы спорттың волейбол, баскетбол, футбол, тоғызқұмалақ, бокс, дзюдо, қазақ күресі, джиу-джитсу түрлерінен дәріс береді.

Миялы селосындағы орталық стадионды қайта жаңғырту арқылы үлкен футбол алаңына жасанды кілемше төселіп, жүгіру алаңын және киініп-шешінетін орын, көрермендер орнын салуға қаржы бөлініп, жобалау сметасы жасақталды. Ал, 2014 жылы ауданда спорттық  ойын түрлері бойынша тағы бір спорт мектебін ашу қарастырылуда.

Қылмысқа құрық саламыз

Ауданда  діни бірлестіктермен  байланыстар жөніндегі кеңес құрылды. Жалпы, аймақта үш мешіт бар. Бұл бағыттағы профилактикалық есепке  85  адам  алынған. Барлық округтерде тоқсан сайын лаңкестік жағдайлардың алдын алу, жастардың теріс ағымдарға ілесіп кетпеуін қадағалау, дәстүрлі дінді насихаттау мақсатында жастармен,  жоғары сынып оқушыларымен арнайы жиындар өткізілуде.

Сол  секілді  аудан  бойынша  жастар  саясатын дамыту мақсатында үш үкіметтік емес ұйым жұмыс істеуде. Ауданның белсенді жастарының ұйымдастыруымен жастар арасында ағымдағы жылдың шілде, тамыз айларында «Қазір бізде жалын да бар, от та бар», жастар ісі жөніндегі мамандар арасында «Азаматтық қоғамды дамыту» мақсатында зияткерлік сайыс және жастар арасында «Жайдарман» ойындары өткізілсе, желтоқсан айында  жастардың қатысуымен ақындар айтысын өткізу жоспарланып отыр.

2013 жылдың 10 айында аудан көлемінде 165 қылмыстық оқиға, 2012 жылы 78 қылмыс тіркеліп, ол 87 қылмысқа немесе 111,5 пайызға өскен. Алайда, қылмыстың тіркелуі өскенімен жалпы қылмыстың ашылуы 19,4 пайыздан 20,1 пайызға жоғарылап отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button