Жарнама
Саясат

ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ – АЙРЫҚША НАЗАРДА

Мемлекет басшысы бұл Жолдауында Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында атқарылған оң істермен қатар, алда тұрған келелі міндеттерді саралады. Айтпағым, осы әлеуметтік саланың басым бағыттарының бірі — ұлт денсаулығына ерекше көңіл бөлінуі.
Күні бүгін біздің емдеу орны 31 мыңнан астам адамды қамтитын Атырау, Самал, Ескі әуежай ықшамаудандарының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Оның үстіне, басқа жақтан келушілер, мигранттар да аз емес.
Емдеу орны облыстың емдеу мекемелері арасында алғашқы болып «Кезексіз емхана» жүйесіне көшіп, жұмыс істеуде. Бұл жаңа жүйе бойынша емхана байқау үздігі атанды. Емделушілер емхананың сайты немесе телефон арқылы алдын ала кезекке жазылып, қалаған мезгілінде дәрігерге келіп, тиісті емін алады. Емханада барлық қызмет түрлері компьютерленген, локальды жүйе жұмыс жасайды. Былтырғы жылы емхана ТМД елдерінің үздік мекемелері арасында рейтингілік көрсеткіштері бойынша жүлделі орынды еншіледі.
Қазіргі кезде емдеу орнында 160 адам еңбек етсе, оның 40-ы – жоғары білімді дәрігер, 80-ге жуығы — орта буын медицина мамандары. Соңғы екі-үш жылда Ақтөбе, Қарағанды, Шымкент, Алматы медицина институттарын бітірген ондаған жас маман қызметке келді. Ал, көптеген дәрігерлер алыс-жақын шет елдерде болып, білімдерін жетілдірді.
Біз Елбасымыздың бұл Жолдауын өзімізге басты бағдарлама етіп қабылдап, осы заманғы диагностикалық аппараттармен жабдықтау, науқастарға сапалы және қолжетімді медициналық қызметтер көрсету, түрлі аурушаңдықтың алдын алып, адамның өмір сүру жасын ұлғайтуға қол жеткізуден ізденіспен еңбек ете бермекпіз. Осы арқылы біз Мемлекет басшысы айтқан Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуына өз үлесімізді қосуды мақсат етіп отырмыз.

Күлшара ЖҰМАҒАЛИЕВА,
№5 қалалық емхананың
бас дәрігері,
Атырау қаласы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button