Жарнама
Саясат

ҚАЗЫНАЛЫ ӨҢІРДЕН ҚАЙТАРЫМ ҚАНДАЙ?

 

Индер ауданы – аймақтағы өнеркәсіптік кәсіпорындары да ауыл шаруашылығы да бар іргелі аймақ. Ауданның инновациялық әлеуеті де жоғары өнеркәсіптік кәсіпорындардың үлесіне жергілікті жерде өндірілетін өнеркәсіптік өнімнің дені тиесілі. Соңғы үш жылда өнеркәсіп өнімінің көлемі 4 млрд. 485,0 млн. теңгеге жетсе, 2013 жылдың 1 қазанына қолданыстағы бағамен 1 млрд. 706 млн. теңгені құрап отыр. Ол өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,3 пайызға өскендігін аңғартады. Осынау іргелі істермен қатар Елбасының үкімет алдына қойған тапсырмалары қалай орындалуда? Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз хатшылығы ұйымдастырған «Жайық-Ақпарат» баспасөз клубында өткен брифингіде аудан әкімі жан-жақты айтты.
Инвестжобалар – ілгері
бастау кепілі
2010 жылы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы ауқымында бір инвестициялық жоба жүзеге асты. Ол «BIAS TECH» ЖШС-нің құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын зауыты болатын. Өндірістің жалпы құны 4 млрд. 194 млн. теңгені құрайды. Ал, бүгінде «ТҰЗ» серіктестігі гипохлорит натрий өндіру зауытының құрылысын аяқтауда. «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асып жатқан жобаның құны – 290 млн. 300 мың теңге. Қазіргі уақытта Санкт-Петербург қаласынан арнайы мамандар келіп, қондырғы-жабдықтарын орнатып жатыр. Аталған кәсіпорын мемлекетіміздің басты мерекесі — Тәуелсіздік күнінде пайдалануға беріледі. Ол және 40 адамды жұмыспен қамтымақ.
Индер өнеркәсіпті ғана емес, ауылшаруашылықты да аудан. Жергілікті жерде ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2012 жылдың 1 қазанында 2 млрд. 106,9 млн. теңгені құраған болатын. Бүгінде ол көрсеткіш 2 млрд. 392 млн.-ға жетіп отыр.
Аудандағы төрт түліктің саны (барлық меншік түрлері бойынша) – 133 380 бас. Дегенмен, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аздап төмендегені байқалады.
Индерліктер былтыр 630 га жерге егін салса, биыл оның көлемі 24 пайызға өсіп отыр. Нәтижесінде, бақша дақылдары, көкөніс, картоп секілді өнімдердің көлемі айтарлықтай ұлғайды. Жергілікті жерде үш ауыл шаруашылығы жобасы облыстан қолдау тауып, қаржыландырылды. Соның алғашқысы – «Алға-1» шаруа қожалығының «Қымыз-шұбат» өндіріс цехы. Олар мал басын ұлғайту, өнімін көбейтуді де жоспарлауда. Көктоғай селосында жұмысын жүргізетін цехтың құрылысы жүруде. Құны 170 млн. теңге құрайтын жоба келесі жылдың сәуір айында жүзеге асады.
Екіншісі, Бөдене ауылындағы «Медет» шаруа қожалығының жобасы. Шаруагерлер 15 га жерге тамшылатып суару әдісімен картоп және көкөніс екпек. Келесісі, «Алға» шаруа қожалығының ет және сүт өнімдерін дайындап, сататын орталығының жобасы болатын. Аталған орын аудан орталығынан бой көтереді. Сонымен қатар, «Нұрет», «Ақтай», «НұрСәт» шаруа қожалықтары мал азығын дайындаудың сервистік орталығын құру, мал сою алаңын салу, 4 га жерге тамшылатып суару әдісімен картоп және көкөніс дақылдарын егу жобаларын өз қаражаттары есебінен жүзеге асырып жатыр.
Шағын бизнеске – үлкен міндет
Индерде шағын және орта бизнес қаншалықты дамып отыр? Аталған саланың өндірген өнімінің, жасаған қызметінің көлемі қандай? Биылғы жылдың қаңтары мен қыркүйек айларының аралығында ғана кәсіпкерлік 2 млрд. 469 млн. теңгенің өнімін өндірді. Бүгінде ауданда 1675 шағын кәсіпкерлік нысаны жұмыс жасауда. 2095 адам нәпақасын осы саладан тауып жүр.
«Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасы негізінде 2012-2013 жылдары «Мал сою алаңының» құрылыс жұмыстарына 8 млн. теңге, наубайхана құрылысына 6 млн.800 мың теңге, гинекология кабинетіне құрал-жабдықтар алу үшін 700,0 мың теңге көлемінде жергілікті кәсіпкерлер шағын несиелерін алып, өз жұмыстарын жүргізуде.

Үй болмай –
күй болмайды
Қашан да мәселенің бастысы – баспана. Осы проблеманы шешу мақсатында 60 пәтерлік екі үйдің және үш бөлмелі он үйдің құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын жасақтауға облыстық бюджет есебінен қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта 60 пәтерлік екі үйдің құрылысын жүргізуге конкурс жарияланды. Үш бөлмелі он үйдің жобалық–сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамаға жолданды. Жалпы, халықтың дені тұрғын үй мәселесін өзі шешуге ұмтылатыны байқалады. Көрінісіндей, биыл жеке адамдар 5 мың 952 шаршы метр тұрғын үй салып, қоныстойларын тойлап жатыр.
Инфрақұрылым. Индер – облыстағы табиғи газбен толығымен қамтылған жетекші аудандардың бірі. Қазіргі күні Жарсуат ауылдық округіндегі Кетебай ауылынан басқа елді мекендердің бәрі «көгілдір отынның» қызығын көруде. Барлық ауыл электр қуатымен қамтылған. Жергілікті жерде әлеуметтік салаға жататын нысандардың бәрі қысқы маусымға уақытында дайындалды. Тиісті қаражат мезгілінде бөлінді.
«Ақ бұлақ» бағдарламасының аясында ауданның сегіз елді мекенінде су жүйесін жүргізу жұмыстары 2011 жылы басталған болатын. Қазіргі уақытта 2011-2012 жылы атқарылған жұмыстарды қабылдау үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Ауданның қаржылық көрсеткіштері. 2013 жылдың 1 қазан жағдайына барлық салықтар мен басқа да міндетті төлемдерден белгіленген болжам 628,8 млн. теңге болса, нақты түсім 740,1 млн. теңгені құрады. Яғни, 111,2 млн. теңге мемлекет қазынасына артығымен түсті. Жергілікті бюджетке болжамдалған 360 млн. теңгенің орнына 403,9 млн. теңге түсіп, орындалуы 112,2 пайызды құрады.

Ауқымды жоба, атқарылған жұмыс
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» кешенді бағдарламасы аясында ауданда бірқатар жұмыстар атқарылды.
«Аталған бағдарламаның бірінші бағыты: яғни «Ауылдық елді мекендерді дамыту, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру арқылы жұмыспен қамту бағытында ауданда сегіз нысан бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 223 жұмыссыз адам жұмыспен қамтылды.
Бағдарламаның екінші бағыты: Өткен жылдармен салыстырсақ, 2011-2012 жылдары, яғни екі жылда ауданымызда құрылған бір несие серіктестігі арқылы 24 адам 61,0 млн. теңге несие алса, биылғы жылы бес несие серіктестігі Атырау әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау корпорациясы және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 66 адам 172,0 млн. теңге көлемінде шағын несие алып, жұмыстарын бастады.
Бағдарламаның үшінші бағыты: Ағымдағы жылы 30 адам қайта даярлаудан, 15 адам біліктілігін арттыру курстарына жолдама алса, жастар тәжірибесі бағдарламасы арқылы 39 жас маман тәжірибеден өтуге жолданып отыр. Ендігі мәселе биылғы жылы қайта даярлаудан өткен 84 жұмыссызды жұмысқа орналастыру міндеті тұр. Ауданда балаларды мектепке дейінгі мекемемен қамту көрсеткіші төмен болуда. Жыл басында бұл көрсеткіш 33,6 пайызды құраған (964 бала қамтылды). Ал, бүгінде Жарсуат ауылынан «Жауқазын» балабақшасы ашылып, оған 45 бала тартылды. С.Сейфуллин орта мектебі жанынан шағын орталыққа және 40 бала барады. Сонымен қатар, Елтай, Есбол селоларындағы балабақшалар күрделі жөндеуден өтіп, жыл аяғына дейін 190 бала балабақшамен қамтылуда. Болашақта Индербор поселкесінен 290 орындық екі балабақша салу жоспарлануда.

Дәрігер
әлі жетіспейді
Индер ауданы бойынша емдеу-сауықтыру қызметін көрсететін мекемелердің саны – 19. Оларда 57 дәрігер, 193 орта буынды медициналық қызметкер қызмет етеді. Бұл орайда дәрігер кадрлардың жетіспейтіндігі басты мәселе болып тұр. Халық денсаулығын жақсарту үшін дәрігерлермен қамту жұмыстарын жандандыру- жергілікті атқарушы органдардың басты назарында.
Спорт саласы. Индер ауданынан жүзден жүйрік көрінген талай спортшы шықты. Олардың қатары өсе түсеріне және сенім бар. Өйткені, биыл Индербор поселкесінен дене шынықтыру және сауықтыру кешені салынып, пайдалануға берілді. Бұған қоса құрылысы басталып, кейін аяқсыз қалған бес жасанды спорт алаңның ел игілігіне айнала бастағанына ерекше тоқталуға болады. Алдағы уақытта аудан орталығынан 400 орындық стадион құрылысы, Есбол ауылынан 200 орындық дене шынықтыру және сауықтыру кешені салынады деп жоспарланып отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button