Жарнама
Саясат

ҚАЗАҚША СӨЙЛЕГЕН ФИЛЬМДЕР

 «Нұр Отан» партиясы мен «Болашақ» қауымдастығы қолға алған фильм республика көлемінде көрсетіліп, оны атыраулықтар да тамашалауда. Кішкентай көрермендермен қатар, мен де бұл фильмді қарап, өзіме жақсы әсер алдым.

Голливуд фильмдерін ана тіліне аудару – қазақ киносында, жалпы қазақ мәдениетіндегі ерекше оқиға десек артық емес. Өйткені, әлемдік кинотуындыны өз тілімізге аудару арқылы біз қазақ көрерменінің таным көкжиегін кеңейтеміз.

Алдағы уақытта да мұнымен шектеліп қалмай, қазақ тілді фильмдерді көпшілік назарына жиі ұсынған жөн. Бұл –соңғы үш жыл ішінде қазақ тіліне аударылған 9-шы фильм. Голливуд фильмдерін қазақшалауды қолға алған «Болашақ» қауымдастығы осы жобаны бастағанда, қай саланы да дамыту үшін әр жұмысты өзіңнен бастау керектігін мақсат еткен. Ендеше, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде ұлт болып жұмылу керектігін ұмытпауымыз тиіс. Ал, фильмнің мазмұнына келсек, «Галактика сақшылары» — әрі комедия, әрі шытырман оқиғалы фантастикалық фильм. Фильм режиссері Тимур Балымбетов «өмірде қанша қиын болса да, шешім шығаруда артқа шегінбеу керек» деген ойды айтқысы келіпті. Бұл фильмде анық байқалады. Еш жасандылық жоқ. Айта кету керек, образды келтірген режиссердің шеберлігі мықты. Тіпті, персонаждардың өздері қазақ болып туылған сияқты. Сөздері де шынайы.

Фильмнің ең алғашқы тұсаукесерінде де, одан кейінгі көрсетілімдерінде де көрермендер көптеп келуде. Мұның өзі әр қазақ баласының ана тілдегі фильмге қызығушылығы жоғары екенін көрсетеді. Ал, ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болып қалуы тиіс екенін ескерсек, бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жүргізілуі қажет.

Асылбек ЖӘКИЕВ,

облыстық мәслихат депутаты.

 

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button