Жарнама
Саясат

Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді

Бүгін облыстық қоғамдық штаб жетекшісі Абдолла Ідірісов пен сенімді өкілдер — Өмірзақ Зинуллин, Мақсым Ізбасов, Сайын Қуанышев, Нұрлыбек Даралиев , Әлібек Наутиев, Балжан Досмұхамбетова ардагерлермен кездесіп, оларға сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К. Тоқаевтың бағдарламасы түсіндірілді.

-Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасын жүрек көзінен өткізіп жазғанын айтқан еді. Рас, осы бағдарламада көрсетілген әр қағида — халықтың шымбайына батып жүрген мәселелер. Азаматтардың әл-ауқатын арттырып, олардың өмір сүру сапасын жақсартуды қолға алу — кезек күттірмейтін мәселе. Сіздер бұған дейінгі барлық саяси мәселелерді көзбен көріп келесіздер. Әділет мемлекетте өмір сүруді, ұрпағының Әділетті қоғамда өскенін бәрі қалайды. Сондықтан алдағы саяси науқаннан қалмауға шақырамын,- деді штаб мүшесі Ә.Нәутиев.

-Қазір қоғамда қызу талқыланып жатқан өзекті мәселелер аз емес. Оны бәріміз білеміз. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев сол түйткілді түйінді жүйелі әрі жедел шешуге бағытталған сайлауалды бағдарламасын ұсынды. Президенттік өкілеттігінің 7 жылында атқарылатын жұмыстардың тізбесі көңілге қонымды. Ауылдарды дамыту, ауыл шаруашылығы саласына көңіл бөлу, Әділетті экономика қалыптастыру секілді мәселелер расында жолға қойылуы керек,- деді штаб мүшесі Б.Досмұхамбетова.

Жиында ардагерлер өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Алдағы саяси науқан — сайлауға сәттілік тіледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button