Кандидат Қ.К.Тоқаевтың қоғамдық штаб мүшелері кездесу өткізді
Бүгін облыстық қоғамдық штаб мүшелері “Атырау жылу желілері” АҚ-ның қызметкерлерімен кездесті.
Жиынға қатысушыларға Қ.К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы түсіндіріліп, сұрақтарына жауап берілді. Қ.К. Тоқаев сайлауалды бағдарламасындағы “Әділетті экономика” қағидаты бойынша осы салаға қолдау қажет екенін жасырмады. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланып, қоршаған ортаны сақтау керегін, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғаудың жаңа тәсілдерін енгізіп, таза технологияларды дамыту қажет екенін баса айтты.
-Біз жарқын болашаққа бағыт алғымыз келсе, алдымен сайлауға толық қатысуымыз керек. Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдап, келешекке жасалатын қадамымыз нақты болуға тиіс деген ойдамын. Қ.К. Тоқаев сайлауалды бағдарламасын өзінің жүрегінен өткізіп жазғанын жеткізген еді. Бағдарламада көрсетілген әр қағида — халыққа нағыз қажет дүниелер деп есептеймін, — деді облыстық қоғамдық штаб мүшесі С. Қуанышев.
Мекеме жұмысшыларымен кездескен облыстық қоғамдық штабтың өзге де мүшелері сайлаудың мән-маңызын түсіндіріп, ойларын ортаға салды.