Жарнама
Саясат

ҚҰҚЫҚТЫ ҚҰНТТАҒАН ҚҰЖАТ

 

Елбасының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атауымен жариялаған мақаласы мен «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын талқылауға арналған жиында еліміздің «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы мен мемлекеттік қызметшілердің жұмыс пен тұрмыстағы жүріс-тұрыс қалыптары бойынша жасақталған жаңа этикалық кодексінің ерекшеліктері айтылды. Сонымен қатар, мемлекеттік сот орындаушыларын қысқартып, жекеменшік сот орындаушылар институтын дамыту талабының күні бүгінге дейінгі орындалысы жан-жақты әңгіме болды.

Департаменттің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Ә.Есенбаева Жолдау бағытының негіздері – қаржы секторын тұрақтандыру, бюджетті үнемдеу саясатының тиімді моделін енгізу туралы баяндады. Оның ішінде жаңа әлеуметтік саясатты жандандыру ерекше назарға алынып, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында енгізілетін өзгерістер, «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысының 30 пайызға артатыны жөнінде айтылды.

Шара соңында Елбасы Жолдауын насихаттау, халықтың құқықтық деңгейін көтеру және әділет органының қызметтерін түсіндіру бойынша ақпараттық-насихат тобының елді мекендерге шығу жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылды.

Ғалия ШАХМЕТОВА,

облыстық әділет департаментінің баспасөз хатшысы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button