Жарнама
Саясат

ІСКЕРЛІК ӨРІСІ – ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТА

К.Браун экономикасы қарыштап дамып, әлеуеті жоғары аймаққа айналған Атыраудың перспективалық жоспарларына қызығушылық танытты. Өйткені, бұл — елшінің Атырауға алғашқы сапары.
— Ұлыбритания – еліміздің өзге аймақтарына қарағанда, Атырау облысымен тығыз қарым-қатынас орнатқан, бірнеше жобамызға қатысып келе жатқан мемлекет. Жыл өткен сайын әріптестігіміз де артып келеді, — деп атап көрсетті облыс әкімі.
Сонымен қатар, Б.Ізмұхамбетов Мемлекет басшысының Үкіметке жүктеген тапсырмасына орай, облыста мұнай-газ саласын өркендетуге ерекше назар аударылып отырғандығын жеткізді.
— Осы жылдың бірінші жартыжылдығында алып кеніштердің бірі Қашаған алғашқы мұнайын береді. Мұны әлем күтіп отыр. Ал, Қазақстандағы тұңғыш газ-химия кешені Атырау облысында салынады. Сондай-ақ, индустриялдық-инновациялық даму кеңістігін ұлғайту, азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыру жұмыстары көзделіп отыр. Тек мұнай саласында ғана емес, ауыл шаруашылығын дамытуға да назар аударылып, биыл бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асады, — деді аймақ басшысы.
Бүгінде Атырау өңірінде Ұлыбританияның үлескерлігімен 81 кәсіпорын қызмет етуде. Ал, Кедендік статистика мәліметі бойынша, өткен жылы Атырау облысы мен Ұлыбритания арасындағы ішкі сауда айналымы 593,6 млн. АҚШ долларын, импорт 212,9 млн. АҚШ долларын құраған. Бұл — 2011 жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары көрсеткіш.
Кездесуде білім беру саласы, атыраулық жастардың Ұлыбритания елінде білім алуы жөнінде де сөз болды.

Әлпеш САДЫҚ. Суретті түсірген Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button