Исатайда 6 269 азамат дауыс береді деп күтілуде

whatsapp image 2021 07 25 at 09.34.21 Саясат

2021 жылғы ауылдық округ әкімдерін сайлау науқанына Исатай ауданының орталығы Аққыстау ауылдық округінің тұрғындары да қатысады.

Саяси додаға үш үміткер түсіп отыр. Бұл науқанға орай аудан орталығынан 6 сайлау уческесі ашылған. Атап айтсақ, Аққыстау, Өркен және Абай атындағы орта мектептер мен Томан елді мекеніндегі бастауыш мектеп ғимараттарында орналасқан.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сәбит Меңдібаевтың мәліметінше, 6 269 адам дауыс беру құқына ие.

  • Сайлаушылар арасында 54 адам алғаш рет дауыс беретіндер. Сайлау учаскелері ашылғаннан бастап 1 540 адам дауыс берді, бұл сайлаушылардың жалпы санының 25% құрайды, – деді Сәбит Меңдібаев.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз