Жарнама
СаясатБЕЙНЕЖАЗБА

Индерде дауыс беруге бар жағдай жасалған (+ВИДЕО)

Индер аудандык аумактық референдум комиссиясының төрағасы Әділгерей Сәкеновтың айтуынша, Республикалық референдумды ұйымдастыру ҚР Орталық референдум комиссиясының бекіткен каленьдарлық жоспарына сәйкес ұйымдастырылған, деп хабарлайды den-der.kz

Өңірде 1 аумақтық, 18 учаскелік референдум комиссиялары, оларда барлығы 119 комиссия мүшелері бар. Ауданда республикалық референдумға қатысуға құқығы бар 20473 азамат тіркелген.

Азаматтарға дауыс берудің орны мен уақыты туралы хабарлау бойынша бірқатар шаралар атқарылған. Біркелкі нысанда азаматтарға хабарландырулар жасалып, олардың мекен-жайларына таратылыпты.

Сонымен қатар, дауыс беру орны мен уақыты туралы ақпараттар және азаматтардың өз учаскелерін іздеу жөніндегі қызметтер комиссиялардың atyrau.gov.kz интернет-бетшесінде орналастырылған. Қазіргі уақытта референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар өздері тіркелген учаскелерден өздері туралы мәліметтермен таныса алады. Комиссиялар тізімдегі қателіктер мен жаңсақтықтарды түзету бойынша өтініштерді қабылдауға дайын және қажет болған жағдайда, азаматтар тізімдеріне өзгерістерді енгізеді. Аталған құқықты іске асыру үшін референдум өткізуді ұйымдастыру кезеңінде азаматтарды учаскедегі азаматтар тізіміне енгізу туралы хабардар ету үшін онлайн сервистер, Call-орталықтар, интернет-ресурстар ұйымдастырылды.

Ақпараттық ресурстарда: Азаматтарды тізімнен іздеу бойынша арнайы Telegrambot @sailauAtyrauBot жұмыс жасады. Референдумды өткізуге арналған сұрақтарға жедел жауаптар алу үшін 2-03-85 номерлі Call-орталық жұмысы ұйымдастырылды. Барлық учаскелер материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген (урналар, кабиналар, оргқұралдар, сейфтер, компьютерлер, телефондар, т.б.).

Ауданда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдайлар жасау бойынша қосымша шаралар қабылданды. 18 референдум учаскелерінің 16-ында пандустар бар (2 учаске (қырда орналасқан-жеке тұрғын үй) пандустарды талап етпейді). Барлық учаскелер тактильдік белгілер, құлағы нашар еститіндерге құлаққап, көз жанары ақаулығы бар азаматтарға аудионұсқаны тыңдағаннан кейін өзі бюллетеньді толтыру үшін трафареттермен қамтамасыз етілді. Аудан орталықтарында 1 инватакси қызметі ұйымдастырылады. Аудандық референдум комиссиясымен қажетті санда дауыс беруге арналған бюллетеньдер дайындалды және олармен учаскелік комиссияларды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. Егер дауыс берудің өзге уақыты белгіленбесе, учаскелік комиссиялардың дауыс беру күні қорытынды шығаруы жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі. Комиссия мүшелеріне арналған оқыту семинарлары, тренингтер ұйымдастырылды. Учаскелердің референдумды өткізу күніне дайындығы бойынша барлық шаралар алынып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Индер аудандық аумақтық референдум комиссиясында 2-00-34 телефоны жұмыс жасайды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button