«Халық. Жер. Әділдік»

enenen Саясат

Қазақстан Халық партиясының үгіт-насихат тобы облыс орталығындағы Кәсіподақтар үйінде еңбек ұжымдарымен, мұнай-газ саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Шараны Қазақстан Халық партиясының Атырау облыстық комитетінің төрағасы Ерболат Дәулетқазиев жүргізіп отырды. Ол сайлауалды науқанындағы партияның ұстанған бағдарламалық негіздерін сайлаушыларға түсіндіре келіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында партия «Халық. Жер. Әділдік» деген ұран ұстанып, қарапайым халыққа қажетті 10 қағиданы басшылыққа алғандығын мәлімдеді. Онда елдің дамуы мен өмірдің барлық маңызды аспектілеріне басымдық берілгені туралы айтылды.

Сонымен қатар, жұмысшылардың құқығын шынайы қорғайтын тәуелсіз кәсіподақтарды қолдау бастамасы кеңінен түсіндірілді. Кәсіподақтар ел азаматтарының құқықтарын қорғап, еңбек дауларын әділ шешуі керектігі сөз болды. С а й л а у ш ы л а р а л д ы н д а М ә ж і л і с депутаттығына кандидат Альберт Жакияев пен Еділ Ұзақбайлар өз ойларын, ұстанымдарын білдірді. Олар тегін әрі сапалы білім беру, тегін медициналық қызмет көрсету, зейнеткерлік жасты азайту секілді көпті толғандырған келелі мәселелерді шешу партияның алға қойған басты мақсаты екендігін түсіндірді.

Сондай-ақ, жиналыста профессор Мұрат Ликаров, әділет саласының қызметкері Хамит Ташенов, Ж.Нәжімеденов атындағы №2 мектептің оқу ісі меңгерушісі Сәулет Сайыновалар білдірді.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз