Халық ауыл әкімдерін 25 шілдеде сайлайды
Биыл еліміз бойынша, барша қазақстандықтар үшін алғаш рет ерекше форматтағы сайлау өткелі тұр. Өз елінің, туып-өскен жерінің көркеюіне үлес қосар азаматтарды халық енді өзі таңдайды.
Аудан бойынша сайлауға Көктоғай ауылдық округі мен Жарсуат ауылдық округі тұрғындары қатысады.
6 кандитат барлық тексерістерден өтіп тіркелді. Оның бірі — «Nur Otan» партиясынан, енді бірі — «Ауыл» партиясынан, қалған төртеуі — өзін-өзі ұсынушылар.
Үміткерлердің үлкені — 59 жас шамасында, орташасы — 53 жас, ең жасы — 36 жас шамасында.
Сайлау үш учаскеде өткізіледі. 19 комиссия мүшелері құрылды. Барлығы бүгін ПТР тестін тапсырып отыр. Оның ішінде 14 адам толықтай вакцинация алды, қалған 5 адам белгілі себептермен екпе ала қоймады.
Үгіт насихат жүргізу жұмыстары бүгін түнгі 00:00 де аяқталады. Ертең сайлау алды бір күн демалыс деп есептеліп отыр.
Сайлаудың ерекшелігі сол, халық өз туып-өскен жерінің азаматтарын өздері сайлайды.
Науқан ахуалға байланысты барлық санитарлық талаптар сақталып өткізіледі. Антисептик, маска барлығы қамтамасыз етілген.
Әділгерей Сәкенов,
Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы