Ертеңі жарқын «Елсана»

ZHurnalistka ozhidanie vs realnost Саясат

Құрамында төрт жүзге жуық мүшесі бар «Елсана» руханият клубы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында бірқатар істерді қолға алып отыр.

Журналистка-ожидание-vs-реальность

«Мақсатымыз – ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыз бен тарихымызды дәріптеу. Халқымыздың рухани қазынасын байыта түсу» дейді клубтың белсенді мүшелері.

«Ақ Желкен» шығармашылық орталығында өткен аталмыш клубтың кезекті отырысында бұл туралы кеңінен сөз болып, алдағы жұмыс жоспарлары туралы айтылды. Клуб төрағасы Нұржан Ермұхановтың айтуынша, «Алтын қалам», «Алтын сақа», «Алтын қайық», «Алтын Орда», «Алтын адам» атты бес бағыттағы жобалар жүзеге аспақ. «Алтын қалам» аты айтып тұрғандай, ұлттық құндылықтарды насихаттап жүрген журналистер арасындағы байқау болса, «Алтын сақа» – ұлттық ойынымызды насихаттау, «Алтын қайық» – еліміздің батысындағы қолөнер шеберлерінің басын қосып, өнерлеріне қолдау көрсету, «Алтын Орда» – хан ордасы Сарайшықтағы әлі де айтылмай жатқан тарихымыздың жаңғыруына жағдай жасау, ал, «Алтын адам» – әр  салада ел игілігі жолында еңбек етіп, жетістікке жеткен азаматтарды дәріптеу мақсатындағы жоба.

Жиынға қатысқан жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері аталған «Алтын қалам» жобасының шарттарымен танысып, ұсыныс-пікірлерін де білдірді. Қорытындысы жыл аяғында белгілі болатын байқаудың мақсаты да маңызды, талаптары да осал емес. Қалам ұстаған қауым бұл бәйгеге ұлттық құндылықты насихаттаған, сол арқылы қоғамға салмақты ой сала білген жұмысымен қатыса алады.

Мемлекеттік ұйым болмаса да, мүмкіндігінше маңызды істер атқарып келе жатқан «Елсана» руханият клубының жұмысы мұнымен шектелмейді. Клубтың ақылдастар алқасының мүшесі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Бақтыбек Таубаев  туған өлке тарихын зерттеуге арналған арнайы экспедиция ұйымдастыратындарын айтты. «Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарияланғаннан бері  клубтың жұмысы кең өріс ала бастады.

«Елсана»  қоғамдық негізде жұмыс жасаса да, рухани азық боларлықтай шаралардың ұйытқысы бола білді. Солардың бірі, бүгінде арнайы жоспары құрылған – «Атажұрт» экспедициясы. Зерттеу жұмысын үш бағытқа Қызылқоға, Бөкей Ордасы, Жылыой жерінде жүргізетін боламыз», – деді ол.

Мәлике  МӘЛІК

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз