Жарнама
Саясат

ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ – ХАТШЫЛЫҚ МЕҢГЕРУШІСІ: «БІРІКТІРУШІ БЕДЕЛДІ КҮШ»

Бір кездері Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымында, Біріккен Ұлттар Ұйымында жасалған бейбітшіліктің қазақстандық моделінің арнайы таныстырылымдары халықаралық сарапшылар тарапынан жоғары бағаға ие болған еді. Енді, міне, қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін зерттеу үшін Ассамблеяға әлемнің 15 мемлекетінен, атап айтқанда, Болгария, Ұлыбритания, Германия, Франция, Испания, Италия, Қытай, Малайзия, АҚШ, Ресей, Түркия, Украина және Армения елдерінен шетелдік сарапшылар мен ғалымдар, дипломаттар, журналистер, сондай-ақ,  үкіметтік емес ұйым өкілдері 60-тан астам өтініш білдірді. Бұл шетелдік әріптестеріміздің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алысты көздеген салмақты да, салиқалы саясатын мойындап қана қоймай, Қазақстан басшысы өз қолымен құрған бейбітшілік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін толеранттылықтың ең таңдаулы үлгісі ретінде зерттеп, зерделеуге және оны өз елдерінде қолданысқа енгізуге ынталы екендерін көрсетеді.

Бүгінде елімізде 820 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Ассамблея мен этномәдени бірлестіктердің активі 67 мыңнан астам адамды қамтиды. Осылайша, Ассамблея жүз отыздан астам ұлтты  ұйыстырып, оларды ортақ мүддеге топтастырып отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button