Жарнама
Саясат

ЕНДІГІ МІНДЕТ – ТАПСЫРМАНЫ ОРЫНДАУ

 Баяндамашының айтуынша, партияның саяси бюросында Үкіметпен бірлесіп әзірленген Тұғырнаманың іске асырылу көрсеткіштерінің тізбесі бекітілген. Тізбеге енгізілген сол көрсеткіштердің 75 пайызы мейлінше нақты және тұрғындар үшін өлшемді индикаторлар ретінде бағаланып, бағдарланған. Өткен 2013 жылдың өзінде партияның қоғамдық қабылдауларына 800 мыңнан астам адам өтініштерімен келген. Желтоқсан айынан бастап «Электронды партия» жобасы іске қосылып, азаматтардың өз өтініштері мен талап-тілектерін электронды портал арқылы жеткізуіне мүмкіндік туғызылған. Соның нәтижесінде, мемлекеттік органдардың жұмысы жайлы дәйекті ақпараттарды бірінші дереккөзінен алып, орталықпен шектелмей, жекелеген аймақтар мен өңірлердегі атқарушы билік құрылымдарының қызметін қадағалап отыруға жол ашылды. Осыны айтқан партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Елбасының тапсырмасымен қолға алынған «Кедергісіз келешек», «Қуатты бизнес — қуатты қоғам», т.б. өміршең жобалардың жүзеге асырылу барысы да ұдайы назарда ұсталынып отыратындығына тоқталды.

Баяндамадан соң сөз кезегін алған Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев партия Тұғырнамасы экономикалық блогының жай-күйін саралады. Министрдің айтуынша, 2013 жылы елдегі ішкі жалпы өнімнің өсімі алты пайызды, жан басына шаққандағы көлемі 13 мың АҚШ долларын құраған. Есепті мерзімде халықтың нақты табысы алдыңғы жылғыға қарағанда 3, жалақы мөлшері 1,6 пайызға артқан. Республика бойынша жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызға тұрақтаған.

Келесі кезекте сөз алған Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев негізінен қазақстандықтардың басты мәселелерінің бірі — халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту бағытында жасалынып жатқан жұмыстарды баян етті. Қазіргі таңда Қазақстанда жалпы алғандағы жобалық қуаттылығы 1,5 млн. шаршы метрді құрайтын үй құрылысы комбинаттарының 17 жобасын жүзеге асыру қарастырылған. Оның тоғызы ағымдағы жылдың жоспарына кірістірілген.

Сондай-ақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова да өзі басшылық жасайтын ведомство тарапынан атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталды. Ол «Жұмыспен қамту-2020» және «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде өткен екі жарым жыл ішінде 267 мың адамның жұмыспен қамтылып, соның ішінде 157 мың адамның тұрақты жұмысқа орналастырылғанын алға тартты.

Әріптесінің әңгімесін жалғастырған Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов жоғары және арнаулы орта оқу орындарын тәмамдаған түлектердің жұмысқа орналастырылу мәселесін тілге тиек етті. Нақтылай кетсек, 2013 жылы тек қана колледж бітірушілердің 70,5 пайызы жұмыспен қамтылған. Мұның сыртында, оқу орындары мен компания, кәсіпорындар арасында техникалық және кәсіптік мамандық алып шыққан жастардың өндірістік тәжірибеден өтуіне, сондай-ақ болашақта еңбекке орналастырылуына кепілдік беру үшін 25 мыңнан астам келісім-шарт ресімделген.  

Дәулетқали АРУЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button