Жарнама
Саясат

Енді Ресейге кіруге болмай ма?

Қазақстан елшілігі Ресейге кететін студенттерге ол елдің көші-қон заңнамасын бұзбау үшін не істеу керектігін айтты. Стіденттер міндетті түрде білім алуға келгенін көрсетуі шарт, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Ресейде күндізгі және сырттай оқу бөлімінде оқитын қазақстандық студенттер көші-қон картасын толтырып, оқуға түсу мақсатын көрсетуі қажет. Кірудің кез келген басқа мақсаты ол елдің көші-қон заңнамасын бұзу болып табылады.

«Студенттер келген күннен бастап 90 күн ішінде белгіленген медициналық ұйымдарда медициналық тексеруден өтуі тиіс. Мұндай ұйымдардың тізімін университетіңіздің деканатынан сұрауға болады», — деді Қазақстанның Ресейдегі елшілігі хабарламасында.

Сонымен қатар, сақтандыру полисінің болуы Ресей Федерациясының аумағында жүрген барлық шетелдік азаматтар үшін міндетті екендігі атап өтілді. Университеттер сақтандыру компанияларымен бірлесе отырып, студенттерге арналған арнайы бағдарламаларды, соның ішінде ақылы медициналық тексеруден өту қызметтерін әзірлейді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button