Жарнама
Саясат

ЭЛЕКТРОНДЫ БАСҚАРУ – ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТОСҚАУЫЛ

Осы тұрғыда Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментібелгіленген талаптарды басшылыққа алып, қызмет етуде. Атап айтқанда, бизнес қауымдастығының қызметіне қолайлы да оңтайлы жағдай жасау, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, яғни салық төлеуші жеке және заңды тұлғалардың салықтық міндеттемелерін орындауда, оның ішінде салық есептерін тапсыру және салықтық төлемдерді төлеуде кезекке тұруды азайтуда бірқатар шаралар қолға алынды.

Биыл департаментте «Қабылдау және өңдеу орталығы» ашылып, қызметін бастады. Орталық салық төлеушілерге қолайлы жағдай туғызу мақсатында электрондық басқару жүйесімен жабдықталған. Бизнес субъектілерінің бюджеттік міндеттемелерді уақытылы, тиянақты жүзеге асыруына, мемлекет қазынасын мерзімді толықтыруға және салықтық есептіліктің жүйелі жүргізілуіне мол мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде 53 мемлекеттік қызмет түрі, «Электрондық үкімет» web-порталы арқылы 23 салықтық және 3 кедендік қызмет түрі көрсетіледі. Мұның бәрі жемқорлық іс-әрекеттерге итермелейтін кейбір себептердің алдын алу болып табылатындығы сөзсіз.

Бүгінгі күні «көлеңкелі» экономикамен күресу – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің басты міндеттерінің бірі. Қоғамдағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, анықтау және жою, мемлекетке келген залалды өндіруде сала қызметкерлері мінсіз бедел мен жоғары моральды-инабаттылық бейнеге баса маңыз береді. Бұл тұрғыда қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды сақтауда тәртіп бұзған емес.

Еліміздің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында оған қарсы күрестiң негiзгi принциптерi тайға таңба басқандай анық жазылған. Барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдiгi, сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, ашу, олардың жолын кесу және алдын алу мақсатында жедел-iздестiру қызметi мен өзге де қызметтi жүзеге асыру, сондай-ақ құқыққа қайшы тапқан ақша қаражаты мен өзге мүлiктi заңдастыруға жол бермеу, қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету және қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік жағдайын қалыптастыру негізінде жүзеге асырылатындығы көрсетілген.

Бүгінде Елбасының алға қойып отырған талабы негізінен халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімін нығайтуға, білікті мамандардың мемлекеттік қызметті атқаруын ынталандыруға, өз ісіне адалдығын сақтау үшін бағытталып отыр.

Алдағы уақытта да сала мамандары Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң Ар-намыс кодексінде белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерді басты назарда ұстайды деп сенемін.

Егер сыбайлас жемқорлыққа қатысты анық ақпараты болса, оны тоқтату жөнінде қажетті шараларды қолдануға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті.

Сонымен қатар, өздерін басқа адамдар құқық бұзушылыққа итермелеген жағдайда, департамент басшысына немесе жетекшілік ететін басшыға дереу жазбаша түрде ақпарат беруі тиіс.

Сондай-ақ, біздің қызметкерлеріміз қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуі тиіс. Егер «сыбайлас жемқорлыққа жол берді» деп көпшілік алдында негізсіз айып тағылса, департамент қызметкерлері осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөнінде шаралар қолданулары қажет.

Заңғар ЗАҢҚАНОВ,

 Атырау облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаменті ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button