Жарнама
Саясат

ЕЛБАСЫ ЕҢБЕГІ – ҚАЙТА САЙЛАНУҒА НЕГІЗ

Делегация құрамында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партия­сының төрағасы Ғани Қалиев, Қазақ­стан Патриоттары партиясының төр­ағасы Ғани Қасымов, «Ақ жол» демо­кра­тиялық партиясының төрағасы, Қазақ­стан Республикасы Парламенті Мәжі­лісінің депутаты Азат Перуашев, «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтан­ғали, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков болды.

Сапар барысында Республикалық қоғамдық штаб мүшелері «Көкшетау» мәдениет сарайында, «Көкшетау» облыстық қан орталығында, «Көкшетау минералды сулар» өндірістік кәсіпорны мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көкшетау техникалық институтында болды.

Өз кезегінде Көкшетау қалалық ауруханасы кардиология бөлімінің меңгерушісі Сергей Зиборов: «Ұлтың­ның, дініңнің немесе туған тіліңнің қандай екеніне мән бермей, бәріне бірдей қарайтын мемлекетте өмір сүру – зор бақыт. Қазақстанды әлемдегі келісім мен халық бірлігінің аралына айналдырғаны үшін мен Нұрсұлтан Назарбаевқа шын ниетіммен алғыс айтамын», – деді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың басшы­лы­ғы арқасында біздің еліміздің – тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген табыс­тарын айта келіп, ақмолалықтар өздерінің Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге ертеңгі күндеріне сенімді екендіктерін мәлімдеді. Сондықтан, халық Прези­дент­­тік сайлауда бейбітшіліктің, бірлік­тің және Қазақстанның өсіп-өркен­де­уінің кепілі  болып табылатын Елбасы үшін дауыс беретін болады.

 

***

Кеше  Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Степногор қаласының тұрғындарымен кездесті.

Делегация құрамында Н.Ә.Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагерлері қауымдастығының төрағасы Бақытжан Ертаев, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері бар.

РҚШ мүшелерінің қала активімен кездесуі барысында «Sareco» БК» ЖШС металлургия зауытының жұмысшысы Асылбек Қаржаубаев Қазақстанның барлық еңбеккерлері Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс береді деп мәлімдеді.

«Жас Отанның» Степногор қалалық филиалының жетекшісі Никита Карандашовтың айтуынша, қала жастары Нұрсұлтан Назарбаевты үлгі тұтады.

«Биомедпрепарат» кәсіпорнындағы кездесуде жас ғалым Ринат Ханнанов Президентке «Болашақ» бағдарламасы үшін ризашылығын білдірді.

Ақмола облысы тұрғындарымен кездесуі барысында РҚШ мүшелері, сондай-ақ, бүкіл Қазақстанға белгілі «Родина» агрофирмасының ұжымында болды.

«Біздің ауылымыз дамып келеді, жастар ауылдан кетіп жатқан жоқ, үлкендердің тәжірибесін үйреніп, ауылды көтеруде», — деп атап өтті «Родина» агрофирмасы» ЖШС сүт зауытының машинамен сауу операторы Галина Ковтун.

Ақмола облысының тұрғындары РҚШ мүшелерін бүкіл өлке жұртшылығы Президенттік сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевқа бірауыздан дауыс беретініне сендірді.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button