Жарнама
Саясат

ЕЛ ТАБЫСЫН ЕСЕЛЕЙ ТҮСУ – ЕНШІМІЗДЕ

 

Айтылғанындай, индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында елімізде 80-нен астам жоба іске қосылса, еңбек өнімділігі 60%-ға артып, 1300-дің үстінде денсаулық сақтау және 1700-ден астам білім беру мекемесі жаңадан салынған. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүйелі жүзеге асырудың нәтижесінде республикамызда адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы 72-ге жеткен. Экономиканы әртараптандырудың нәтижесінде әлеуметтік салада көптеген жетістіктер еншіленіп, еліміздің әлеуеті өсті. Дүниежүзілік сауда ұйымына, басқа да халықаралық беделді ұйымдардың қатарына еніп, Қазақ елінің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделі артып, мәртебесі көтерілді.

Әрине, мұнда өнеркәсіппен қатар, ауыл шаруашылығы саласын да өркендетіп, өңдеуші саланы табысты дамытуға, ол үшін фермерлік шаруашылықтардың жағдайын жақсартуға айрықша назар аударылды. Мұның өзі, сайып келгенде, жекелеген аймақтарда сенімді азық-түлік қорының жасақталуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кепілдік берері сөзсіз. Осы тұрғыдан алғанда, Мемлекет басшысының: «…Күнделікті өмірге қажетті нан мен сүтті, шұжықты, киім-кешекті тек теңгеге сатып аламыз» деген сөзі біз секілді ауылдағы кәсіпкерліктің өрісін кеңейтуге азды-көпті үлесін қосып, сол мақсатта жаңа жобалардың игілікке айналуына атсалысып келе жатқан құрылымдардың қызметіне тың серпін бергендей.

Қалай десек те, қандай қиын болса да, ертеңіміздің бүгінгіден де нұрлы, жарқын болуы жолында лайықты үлесімізді қосу – міндетіміз деп есептейміз.

Владимир РОЗМЕТОВ,

«АтырауАгроӨнімдері» шаруа қожалығының жетекшісі,

Махамбет ауданы.   

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button